Қаржы полициясы алкоголь мен мұнайдың заңсыз айналымын азайта отырып, бюджет түсімін арттырды

Қаржы полициясы агенттігінің Төрағасы Рашид Түсіпбеков ведомствоның алқа отырысында сөз сөйлеу барысында алькогольдік өнімнің заңсыз айналымы саласындағы қылмыстарды ашу 2 есе артқанын айтты...

Қаржы полициясы агенттігінің Төрағасы Рашид Түсіпбеков ведомствоның алқа отырысында сөз сөйлеу барысында алькогольдік өнімнің заңсыз айналымы саласындағы қылмыстарды ашу 2 есе артқанын айтты. Жүргізілген жұмыстың арқасында бюджетке арақ өнімдерін сатудан ғана акциздік төлемдердің 25%-ға артқаны байқалады.
Бұған қоса, қазір алькоголь өндірушілері шығарылған өнімнің нақты көлемін көрсетуге және олардан салық төлеуге мәжбүр. Бұған дәлел – еліміздегі тіркелген алкоголь өнімінің 7%-ға өсу тенденциясы.
Мұнай мен мұнай өнімдерінің заңсыз айналымын әшкерелеу 3 есе артқан.
Нәтижесінде Мұнай және газ министрлігінің мәліметтеріне сәйкес Атырау мұнай өңдеу зауытына ғана келіп түсетін шығуы күмәнді мұнайдың мөлшері 2010 жылғы 300 мың тоннадан осы жылғы 1,5 мың тоннаға дейін азайған.
Р.Түсіпбеков айтқандай: «Бұл шаралардың барлығы көлеңкелі айналымның шын мәнінде төмендеуіне және мемлекет үшін экономикалық нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік берді».

Оцените пост

0
Дальше