Қаржы полициясының жалған кәсіпкерлікпен күресі нәтижесінде бюджетке түсетін салықтарды көбейтті

Қаржы полициясы агенттігі алқасының отырысы жалғасуда.Алқа отырысында сөз сөйлеген Агенттік Төрағасы Рашид Түсіпбеков ведомстваның жалған кәсіпкерлікке, заңсыз банкроттылық пен қосымша құн салығын...

Қаржы полициясы агенттігі алқасының отырысы жалғасуда.
Алқа отырысында сөз сөйлеген Агенттік Төрағасы Рашид Түсіпбеков ведомстваның жалған кәсіпкерлікке, заңсыз банкроттылық пен қосымша құн салығын қайтаруға қарсы күрес бойынша жұмысының нәтижелеріне тоқталды.
Оның айтуынша жалған кәсіпкерлік пен жалған мәмілелер жасау фактілерін анықтау 5 есе артқан.
Жалған мәмілелер жасау үстінде ұстау 3 есеге дейін көбейген.
Нәтижесінде екінші деңгейлі банктерде қолма-қол ақшаға алмастырылған қаражаттың соммасы 605 млрд.теңгеден 511 млрд.теңгеге дейін немесе 16%-ға азайған. Ал бұрын ақшаны қолма-қол ақшаға ауыстыру тұрақты түрде өсіп отырған.
Қаржы полициясының осы бағыттағы жұмысының жандануы сонымен қатар шағын және орта бизнестен бюджетке түсетін салықтардың 27%-ға артуына өз әсерін тигізді (850 млрд.-тан 1,1 трл. Тенгеге дейін).
3 есеге дейін жалған және қасақана банкроттылық фактілері бойынша қылмыстарды ашу өскен, бұл мән-жайлар банкроттыққа түсетін кәсіпорындардың бюджет алдындағы қарызының 45%-ға немесе 32 млрд.теңгеден 17 млрд.теңгеге дейін төмендеуіне ықпал етті.
Бюджеттен қосымша құн салығын заңсыз кері қайтару қылмыстарын анықтау 2,5 есе көбейген. Бұл бюджеттен қайтарылатын соммалардың азаюына әкеліп соқты. Егер 2012 жылы кәсіпкерлерге бюджеттен 450 млрд.теңге қайтарылсы, осы жылдың 6 айында тек 83 млрд.теңге қайтарылған.

Оцените пост

0