Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
23:45, 28 июля 2013

«Ертіс» ФК бас бапкері: Жігіттерге кінә артпаймын

Blog post image

«Широки Бриег» командасынан қарымта ойында 2:0 есебімен жеңіліп, Еуропа лигасының жарыс жолынан шығып қалған «Ертіс» командасының бас бапкері Талғат Байсуфинов өз шәкірттеріне кінә артпайтынын айтты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Біз тең дәрежеде ойнадық. Қарсыластарымыз тың, ал біз шаршаңқы болдық. Оларда чемпионат енді ғана басталып жатыр. Біз болсақ, соңғы 28 күннің ішінде 8 ойын өткіздік. Осы шаршаңқылық біздің жеңілуімізге әкеп соқты. Егер бірінші таймда біздің ойыншының соққан добы бағанаға тимей, қақпаға дарығанда ойын өрнегі өзгеше болар еді», – деді матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында Т. Байсуфинов.

«Амал қанша, жанкүйерлерімізге италиялық командамен ойынды тарту етейік деген жоспарымыз орындалмады. Жігіттерге тағар кінәм жоқ, олар барын салды», — деп түйіндеді бас бапкер.

 

«www.bnews.kz».

 
0
131
0