«Боруссия» неміс Суперкубогын иеленді

Kazsport agent 2013 M07 28
160
0
0
0

Әлем назарын өзіне аударған «Сигнал Идуна Парк» стадионы тартысты кездесудің жеңімпазын анықтады. «Боруссия д» мюнхендік «Баварияны» 4:2 есебімен жеңіп, неміс Суперкубогын иеленді. Осылайша...

Әлем назарын өзіне аударған «Сигнал Идуна Парк» стадионы тартысты кездесудің жеңімпазын анықтады. «Боруссия д» мюнхендік «Баварияны» 4:2 есебімен жеңіп, неміс Суперкубогын иеленді. Осылайша Чемпиондар лигасының финалында жіберген есесінің орнын толтырғандай.

Көптеген букмекерлік орталықтар Хосеп Гвардиола баптайтын мюнхендік команданың жеңіске жетуі мүмкін деген болатын. Алайда дортмундтық «Боруссия» барын салып, бұл маусымды жеңіспен бастады. Осылайша Юрген Клопп шәкірттері Германия Суперкубогын 4-ші рет иеленіп, «Бавариямен» теңесіп отыр.

Кездесу соңынан Хосеп Гвардиола: « Біз бүгін жеңілдік. Меніңше шәкірттерім қарсыластарынан жақсы ойнады деп ойлаймын. «Боруссияны» жеңісімен құттықтаймын. Бір аптадан кейін басталатын бундеслиганың ойындарында бұл қателігімізді түзейміз» — деп  мәлімдеді.

«Боруссия» (Дортмунд) – «Бавария» (Мюнхен) – 4:2 (1:0)

Голдар: Ройс, 5 (1:0). Роббен, 54 (1:1). Ван Бюйтен, 56 – автогол (2:1). Гюндоган, 57 (3:1). Роббен, 65 (3:2). Ройс, 87 (4:2).

«Боруссия» Д: Вайденфеллер, Хуммельс, Суботич, Шмельцер, Гросскройц, Бендер (Кель, 45), Гюндоган (Папастатопулос, 88), Нури Шахин, Блащиковски (Обамеянг, 72), Ройс, Левандовски.

«Бавария»: Штарке, Боатенг, Ван Бюйтен, Алаба, Лам, Тиагу Алькантара, Кроос (Данте, 86), Шакири (Швайнштайгер, 67), Мюллер, Роббен, Манджукич (Писарро, 75).

Ескерту: Боатенг, 90+2.

Бас төреші: Дрес

 

Оцените пост

0