Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
1
13:39, 28 июля 2013

Мөлдір махаббат

Адам ағзасы қызық қой. Әдетте жарты тәулік бойы көз ашпастай,рахаттана, қор ете уйықтайтын мен ұйқы дегенді тіпті ұмытқан екем.Тәулігіне екі-ақ сағат көз шырымын аламын,оның өзі түс мезілінде болады. Түні бойы көз ілмей, қараңғылыққа үңіле ,азан шақырылып ,таң атқанша көзім бадырайып, жалғысырап,басымды ойлаудан шаршатып жата беруді әдетке айналдырып алыппын.Бүгін түнде қолыма Сәбит Мұқановтың "Мөлдір махаббатын" алдым да, соңына дейін оқып бітіруге бел будым.Столдағы шамды қосып ,кітаптан көз алмадым. "Жарайды, ертең-ақ оқып бітермін,"-деп, жаба қоятын кітап емес.Соңына қарай кітаптағы оқиғалар одан әрі қызуланып,қызықтай тусіп,  мен немен бітерін білуге құмарланып,өқып бітіргенше асық болдым. Солай отырып түнді өткіздім де,кітапты жауып,шамды өшірсем үйдің іші жап-жарық. Сағатқа қарасам 05:52.

Әйел дейтін "халықтың" әр нәрсеге жылай беретіні бар,оған қоса өзімнің босаңси беретінім бар романды оқып бітірісімен ал кеп жыла.Көзімнен  мөлтілдеп жас ағып , мұрыным пысылдап, төсегіме жатып, біраз жатқан соң әзер тыйышталдым.  Езіліп жылаған себебім аштық кезінде болсын, жаугершілік заманында болсын, қай заманда болса да адам жүрегін тербелткен ,тебіренткен ,толқытқан- МАХАББАТ. Бірақ кейіпкерлерді аяп жыламаған болармын. 18-ге келе ,мен әлі ғашық болған емеспін. Содан болар немесе мөлдір махаббатымды кездесіре алмаспын деп қорыққанымнан болар,әлде жай ғана жалғысырағандықтан болар, мен әдемі жазғы күндердің бірінде, таң мезгілінде , төсегімде бүркеніп алып жыладым да қойдым...

1
797
0