Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
19:04, 26 июля 2013

Қасиетті Рамазан айының Оразасын тұтушыларға берілген бес қасиет

Көбілеріне белгілі болғандай, қазіргі уақытта мұсылман қауымында қасиетті Рамзан айы өтуде. Өзін мұсылманмын дейтіндер ауыздарын бекітіп, бес парыздардың бірі болатын Оразасын ұстауда. Осыған орай, осы жолға бел буған азаматтарымызға «Оразаларын қабыл болсын!» – деп, қасиетті ораза туралы кейбір хадистер мен тұтынушыларға берілетін бес қасиетті келтіріп, естеріне сала кетсем.

Blog post image

Ораза ұстаушы мұсылман өзін өсек-аяңнан, өтірік, балағат сөздерден, ұрыс-керістен аулақ ұстауы тиіс. Ондай ортада үндемегеннің өзі сауап іс. Өйткені Пайғамбар (с.а.с.) бір хадисінде: «Ораза тұтушының үндемеуі Аллаға тәсбих айтқанымен тең», – деген. (Бәйһақи риуаят еткен).

Рамазан айы ізгі амалдардың маусымы. Бұл айда орындалатын ораза парызын аса жауапкершілікпен, тақуалықпен тұтпағымыз ләзім. Сонда ғана мойнымыздағы міндетімізді адал атқарып, Алланың разылығына жеткен боламыз. Бұхари мен Мүслімнің Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткізген риуаятында Алланың Елшісі (с.а.с.): «Кімде-кім Рамазан оразасын шынайы иманмен сауабынан үміт еткен түрде тұтса, оның бұрынғы күнәлары кешіріледі», – деп сүйіншілейді.

Оразаны биыл бірінші рет ұстағандар мен таңғы асты, яғни сәресін ішуден қалғандарға мына хадисті ұмытпаныздар. Алланың Елшісі (с.а.с.) басқа бір хадисінде таң алдындағы сәрелікті қалдырмауға үндеп былай дейді: «Сәрелік ішіңдер! Расында сәрелік аста құт-береке бар». (Бұхари мен Мүслім риуаят еткен).

Сондай-ақ, Пайғамбар (с.а.с.) жаңа піскен құрмамен ауыз ашқан, егер жаңа піскен құрма болмаған жағдайда құрғақ құрмамен, құрғақ құрма болмаған жағдайда сумен ауыз ашқан әрі басқаларды да солай істеуге үндеген.

Blog post image

 

Ораза тұтушыға берілген бес қасиет

Имам Ахметтің Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткізген риуаятында Алланың Елшісі (с.а.с.) ораза тұтушының ерекше қасиеттері жайында былай дейді: «Менің үмбетіме рамазан айында бұдан бұрын ешбір үмбетке берілмеген бес түрлі қасиет берілді:

1. Ораза тұтушының аузының исі Алланың алдында хош иісті мисктен, сөзсіз, артық болады;

2. Ауыздарын ашқанша періштелер олар үшін Алладан истиғфар тілеп тұрады;

3. Алла Тағала рамазан айының әрбір күні жәннатын безендіріп оған: «Менің ізгі құлдарымның ауыртпалықтар мен тауқыметтерден тастап, саған кіретін күні жақын қалды», – дейді;

4. Бұл айда жындардың біразы шынжырланып, басқа айларда істейтін нәрселерін істей алмайды.

5. Ал соңғы түні болғанда олардың (мұсылмандардың) күнәлары кешіріледі».

Сахабалар: «Уа, Расулалла! Ол түн Қадір түні ме?» – деп сұрағанда, Ол (с.а.с.): «Жоқ, жұмысшы да ісін толық бітірген соң өзінің сыйын алмаушы ма еді? Сол сияқты» – деген».

   

Бейіш қақпасы күтіп тұр

Жұмақта тек ораза ұстағандар ғана кіретін ерекше қақпа бар. Оның ішінде қандай нығметтер бары бір Аллаға ғана аян. Алланың Елшісі (с.а.с.) былай дейді: «Расында, жұмақта ар-Раййан атты қақпа бар. Қиямет күні одан ораза тұтушылар ғана кіріп өтеді де, олардан басқа ешкім кіргізілмейді. Олар кіріп болған кезде ол қақпа жабылады». (Бұхари риуаяты). Раййан қақпасынан кіруіміз үшін рамазандағы оразаны лайықты түрде орындауымыз қажет.

 

Алла тағала баршамыздың оразамазды қабыл, иманымызды кәміл, екі дүниеде де жүзімізді жарық етсін! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, егемендігіміз мәңгілікке баянды болсын!

0
3846
7