• 6983
  • 3
  • 1
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Шымбайға батса да шындықты айтайық

Түрлі жат ағымдардың жетегінде кетіп, солардың сойылын соғып жүрген қаракөз бауырларымызды көрген сайын Африка елініңкөсемі Нельсонның: «Миссионерлер елімізге келгенде қолдарында кітап, біздің иелігімізде жер болған еді. Көзімізді жұмып қайтаашқанымызда олардың иелігінде жер, ал біздің қолымызда кітап қалды», деп ащы да болса шымбайға бататын шындықты айтып кеткенойлы сөзі тіл ұшына орала береді.

Бөлінгенді бөрі жейді

Иә, атабабасы ғасырлар бойына ұстанып келген қасиетті де қастерлі дәстүрлі дінінен бүгінгі ұрпағының қағынан жеріген құландайжиренуіне не себеп сонда? Жүз отыздан астам ұлыс пен ұлт өкілдерінің баласын кең құшағына сыйдыра білген сайын дала төсіндеқазақтың баласының бірі – сәләф, бірі – уаһаб, енді бірі құраншыл болып, басы қосылмайтыны несі? Жә, олар бірдеңені біліп айтса, жөндерсің-ау. Ал ештеңенің байыбына бармастан, елінің, жерінің, ата-бабасы жүріп өткен сан ғасырлық жолының тәлейі тарихын білмейтұрып «анау айтты мен» дүрмекке айқай қосып: «Намаз оқымағанның бәрі кәпір» немесе «Әкең намаз оқымайтын болса, тілін алма,шешең намаз оқымаса, қолынан шәй ішпе», «Пайғамбардың (с.ғ.с.) сүннетін орындау міндет емес» және т.с.с. деп жүргендердіңіс-әрекеті қай ақылға қонады? Ағайынын «адастыға» санап жүрген ондай бауырларымыз туғанына, қала берді елі мен жеріне опасыздықжасаумен қатар, ең алдымен, өздерінің адасып жүргенін біле ме екен? Қасиетті Құранда: «Әй мүміндер! Алладан шынайы қорқуменқорқыңдар да мұсылман болған күйде ғана өліңдер. Түп-түгел Алланың жібіне (дініне) жабысыңдар да бөлінбеңдер» («Әли Ғымран»сүресі, 102-103-аяттар), күллі мұсылман баласына бөлінбеңдер деп ашық айтып тұрған жоқ па?

Шынтуайтына келер болсақ, жатжұрттықтарға сенің өзің де, дінің де керек емес. Олардың көздегені басқа. Көбісінің аузының суықұри бағып отырғаны – сенің ұлан-ғайыр жерің мен жерасты қазба байлықтарың. Кезіндегі «бөліп ал да билей бер» деп қазақ жерінемен-еркін билеп-төстеген отаршыл патшалық Ресейдің саясатын бүгінгі таңда мұхиттың арғы жағындағы мысықтілеулілер қолданғысыкеледі және мұсылманды мұсылманға айдап салып қолданып та жүр. Төскейде малы, төсекте басы қосылған қарға тамырлы қазақбаласының болмашыға бола жүз шайысып, бет жыртысып жүргені жымысқы әрекетті саясаттың құрбаны болғаны емей немене? Ал бұлкөрініс қалыпты жүйеге айналып кететін болса, аз уақыттан кейін: «Бөлінгенді бөрі жейдінің» кебін киіп, тоз-тоз болып кетпесімізге кімкепіл?

Ел ішінде соңғы кездері алаңдаушылық туғызып отырған осындай келеңсіздіктердің алдын алып, рухани сенімнің қоғамдағыорнын айқындау үшін алғаш рет Елбасы жат ағымдардың теріс бағыттағы әрекетінің салдарынан орын алып отырған діни келеңсіздіктердітілге тиек ете тұрып, өзінің: «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқынаарнаған кезекті Жолдауында: «Бүгінде біздің халқымыз үшін дәстүрлі емес діни және жалған діни ағымдар мәселесі өткір тұр.Жастарымыздың бір бөлігі өмірге осы жат, жалған діни көзқарасты көзсіз қабылдайды, өйткені, біздің қоғамның бір бөлігінде шеттенкелген жалған діни әсерлерге иммунитеті әлсіз.

Қазір кейбір сыртқы күштер жастарымызды ислам дінінің хақ жолынан адастырып, теріс бағытқа тартуға тырысуда. Мұндай ұлттықтабиғатымызға жат келеңсіздіктерден бойымызды аулақ салуымыз керек», дей келіп, «Біздің Конституция сенім бостандығына кепілдікбереді, бұл – факт. Бірақ, өздеріңіз білетіндей, шексіз еркіндік деген болмайды. Ол дегеніміз – хаос. Барлығы да Конституция мен заңдараясында болуға тиіс», деп қадап айтқанын әрбір саналы азамат есінде мықтап ұстағаны абзал.

Лаңкестік әрекет діннен емес

Өз заманының ұлы ойшылы Ф.Гастенкердің: «Дүниедегі тепе-теңдікті ұстап тұрған ислам діні. Дін шайқалса, әлем шайқалады»дегені бар. Біз бүгін соның куәсі болып отырмыз. Мәселен, бүгінгі таңда мұсылман әлеміндегі Иран, Ирак, Сирия, Палестина сияқтымемлекеттердегі бейбіт тұрғындардың үрейін туғызып, тыныштығын қашырып отырған дүрбелең жағдай шынайы діннің әрекеті емес, олсол жерлердің байлығына көз сүзген, дінді жамылғы етуші сырттан келген саяси күштердің ықпалы екендігі жасырын емес. Бұрнағыжылы еліміздің батыс өңірлерінде орын алған лаңкестік әрекеттерді де ел ішіне іріткі салу арқылы тұрақтылықты шайқалтқысы келген діндіжамылғы етуші бұзақы пиғылдылардың әрекеті деп білген жөн. Мұның ең қауіптісі – дін жолында жүрміз деген жастарымыздың жасағанамалдарының соңы неге әкеліп соғарына жете мән берместен әлдекімдердің қарапайым қулығына түсіп қалғандығында. Соныңсалдарынан жас ғұмырына балта шабумен қатар, ата-анасына да қайғы әкелуде.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы өзінің БАҚ-қа берген бірсұхбатында: «Діннің діттегені – бүлік емес, бірлік», деп «діни экстремизм» деп ат қойып, айдар тағып жүрген лаңкестік әрекеттердіңқай-қайсысы болмасын діннен емес екендігін көпшілікке қарата айта отырып, одан әрі қарай: «Төртеу түгел болса төбедегі келеді, алтауала болса ауыздағы кетеді», деп дана халқымыз бекер айтпаған. Осынау алмағайып заманда мұсылмандардың басын біріктіріп, ел игілігімен бірлігі секілді ортақ мақсаттарға жұмылдыру басты назарда болмақ. Расында да, жері кең, ал саны аз қазақ халқына ауызбіршіліккерек. Ол үшін бірігіп іс жасауымыз қажет. Ұлы Жаратушымыз Қасиетті Құранда: «...Жақсылыққа, тақуалыққа жәрдемдесіңдер. Күнәғажәне дұшпандыққа жәрдемдеспеңдер. Алладан қорқыңдар! Күдіксіз Алланың азабы қатты» («Мәида» сүресі, 2-аят), деген. Ал алаштыңардақты азаматтарының бірі Әлихан Бөкейханов бабамыздың: «Қазақ баласы бірігіп, тізе қосып іс қылса, халықтық мақсат сондаорындалады», деген сөзі бар», деп иісі мұсылман болған қазақ баласын кім көрінгеннің сойылын соғып, жетегінде кетпеуге, керісінше,бірлікке, ынтымаққа шақырады.

«Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос», деп хакім Абай айтпақшы, аттөбеліндей аз ғана қазаққа ғасырлар бойынаата-бабасы: «Алла бір, пайғамбар хақ» деп ұстанып келген дәстүрлі дінінен қол үзіп, жат ағымдардың шылауында кетіп, алтыбақаналауыз болудың қажеті бар ма?

Адасқанның алды жөн, арты соқпақ

Ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.) хадисінде: «Амал ниетке байланысты», делінген. Демек, дін жолына түскенәр азамат, яки азаматша ең әуелі не істеуі керек, әрине, ниетін дұрыстауы керек. Абайша айтар болсақ: «Әрбір адам баласына ең әуеліақыл керек, ақылды адамға иман керек, иманды адамға ғибадат керек». Тағы да хакім Абай: «Көп адам дүниеге бой алдырған, бойалдырып аяғын көп шалдырған» демекші, Қасиетті Құранның дара жолынан, ардақты пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) сара жолынанадастырушы теріс ағымдардың жетегінде жүрген көптеген жастарымыздың аяқтарын шалыс басуының бірден-бір себебі де дінді жететүсінбеуінен, оның ішкі иірімдеріне бойлап, түпкілікті мақсаттың байыбына бармауынан туындап отырса керек. Бұл – бір.

Екіншіден, өз елінің тарихы мен ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрін білмеуі, оған құрмет көрсетпеуі де адасушылыққаапарар жол екені даусыз.

Үшіншіден, төл дінінен де, ділінен де, ана тілінен де мақұрым қалған атеистік отбасының тәлімін теріп өскен баланың тура жолданадаспауы неғайбыл. Өйткені, жат ағымдардың жасағын толықтырып жүргендердің дені орыс тілінде сөйлеушілер болып келеді.Ондайларға «неге ана тіліңде сөйлемейсің» десең, «дінге оның қажеті қанша» деген жауап аласың. Осыдан кейін-ақ, ол адамның тілтұрмақ діннен де мақұрым екенін байқайсың. Себебі, Қасиетті Құранда: «...Егер Алла қаласа еді, барлығыңды бір-ақ үммет қылар еді.Алайда сендерге берген жол-жобаларында сынамақшы» («Мәида» сүресі, 48-аят), деп Ұлы Жаратушының адамзат баласын бір-бірінтанып, ажырату үшін ұлтқа, ұлысқа бөліп, қарым-қатынас құралы, тіршілік тірегі ретінде тіл бергенін ашық айтып отырған жоқ па? Олайболса, Алла тағаланың қазақ баласына берген көп нығыметтерінің бірі – ана тіліне құрмет көрсетудің орнына, теріс айналып тәрк етіп, өзгетілде шүлдірлеп жүрген қандастарымызға жол болсын?!

«Адасқанның алды жөн, арты соқпақ», деп дана Абай айтпақшы, тілінен адасқан адамның көп кешікпей дінінен де ажырайтынысөзсіз. Ондай адамдар қоғамға да қауіпті. Осы тұста Парламент Мәжілісінің депутаты Оразкүл Асанғазының БАҚ-қа берген сұхбатынанмына бір жолдар еріксіз ойға оралады: «...Ислам діні – біздің халқымыздың ұлт болып қалыптасуына ықпал еткен бастықұндылықтарымыздың бірі. Кеңес Одағы неге дінді құртты? Неліктен мешіттерді қиратып, молдаларды қудалады? Өйткені, дінсіз адамдыкез келген жағыңа айдап, кез келген саясаттың қолшоқпары қылу оңай болатын. Сондықтан олар үшін діннен бездіру халықтардыжаулаудың ең төте жолы болып көрінді» («Ислам және өркениет», №11, 2013 ж.).

Қазірде осы саясатты тілден де, діннен де мақұрым жастар арасында жалған ағымның жетекшілері оңтайлы қолданып отыр.Соның салдарынан бозөкпе жастарымыз жақсыдан жаманды айыра алмай, өткенге кесек атып, алашапқын болып жүр. Өкініштісі де осы.Дін істері агенттігінің Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы директорының ғылыми жұмыстар бойыншаорынбасары Тимур Козыревтің пікірі де жоғарыдағы біздің ойымызды қуаттайды. Қараңыз: «...Жалпы, уаһабилік немесе сәләфилікағымдардан Қазақстанда таралғандары екеу: олар – тәкфиршілер және мадхалиттер. Тәкфиризм дегеніміз, бейнелеп айтқанда, деркезінде өшірілуі тиіс өрт. Тәкфиризм – анық экстремизм, біз оған соңғы жылдары Атырау, Тараз қалаларында орын алған оқиғаларарқылы тағы бір көз жеткіздік. Тәкфиршілер туралы айтар болсақ, олар, атауынан көрініп тұрғандай, намаз оқымайтын адамның бәріноп-оңай кәпірге шығарады. Яғни, олардың түсінігінше, Қазақстан – кәпірлер мемлекеті. Бұл, турасын айтқанда, қарулы жиһадқа бір адымғана қалды деген сөз. Өздерінің криминалды әрекеттерін жиһад деп ақтауға тырысады. Олардың мемлекеттік органдар, күштікқұрылымдар өкілдеріне шабуыл жасауы, т.б. әрекеттері – қоғамдағы тұрақтылықты шайқалтатын аса қауіпті құбылыс. Дер кезінде өшірілуітиіс өрт деп отырғаным да сондықтан.

Мадхалиттердің қауіпті жері – олар тәкфиршілер секілді өздерінен басқаның бәрін кәпір демегенімен, ханафи мәзһабын,сондай-ақ қазақ халқының барлық салт-дәстүрлерін мойындамай, оларды не ширк (Аллаға серік қосу), не бидғат (дінге енгізілгенжаңалық) деп санайды. Дін мен ұлттық сананы бір-біріне қарсы қоюдың соңы немен аяқталарын олар ойлана бермейді» («Ислам жәнеөркениет», №3, 2013 ж.), деп жалған ағымдардың жетегінде жүрген жастардың адасуының соңы мемлекет қауіпсіздігіне дейін қатертөндіретінін алаңдаушылықпен ескертіп отыр. Отанға опасыздық деген де осындайдан шығады.

Сөз соңы. Бірлік – береке бастауы деп ұққан бабаларымыз: «Төртеу түгел болса төбедегі келеді», деп бекерге айтпаса керек.Сондықтан да бүгінгі таңда бізге ауызбіршілік ауадай қажет. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, Тәуелсіз еліміздің баянды болашағыжолында жұдырық болып жұмыла білуіміз керек. Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің Германияның Алматыдағы бас консулыМихаэль Грауды қабылдағанда, оның: «Діни басқарма діни ағымдармен қалай күреспек?» деген сауалына: «Діни басқарманың дінсаласындағы рөлі – бөлшектеу емес, біріктіру. Мұсылмандарды мүфтият төңірегіне топтастыру. Ауызбіршілікті арттыру. «Ірімейік,бірігейік» деген ұран тастап, ынтымаққа үндейміз...», деп айтқан салиқалы жауабы әрбір қазақ баласының бойтұмары іспетті болуы керекдеп ойлаймыз.

Құдыреті күшті Алла тағала ел іргесін аман сақтап, ел басқарушы азаматтарға тауфих һидаят беріп, халқымыздыңынтымақ-бірлігін жарастырып, жақсыға жанастырып, жаманнан алас қылып, біздерді өзінің сираатал-мустақим болған тура жолына,нығметке бөленгендерінің жолына бастап, сол жолда екі дүниенің игілігін нәсіп еткей.

Рахметолла СМАҒҰЛ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.

Өскемен.


http://www.zonakz.net/blogs/user/obschestvo_religiovedov/27076.html

levon90
26 июля 2013, 12:26
630

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

«Предатели Русского мира». Кто учит нас, какими буквами писать и чью культуру любить

«Предатели Русского мира». Кто учит нас, какими буквами писать и чью культуру любить

Истерический вой, поднявшийся в российских СМИ по поводу перевода казахского языка на латиницу, блогер и публицист из Казани Римзиль Валеев оценил довольно-таки точно, на наш взгляд.
openqazaqstan
18 апр. 2017 / 16:47
  • 32262
  • 232
Казахстан сидит на чемоданах. А некоторые из нас – непосредственно в них

Казахстан сидит на чемоданах. А некоторые из нас – непосредственно в них

Откуда я знаю, спросите вы? Да очень просто. Голые мужики в сауне могут врать только про баб. Про машины и планы переездов – только по-чесноку. Чего уж скрывать, если все остальное напоказ.
Lesch
17 апр. 2017 / 23:30
  • 6133
  • 23
«Сорри, коммерческая тайна». Ответ от ALTEL и Tele2

«Сорри, коммерческая тайна». Ответ от ALTEL и Tele2

Пресс-служба ALTEL и Tele2 предоставила ответы на наши вопросы по поводу сервисов, навязываемых ALTEL при наборе кодов проверки баланса от других операторов.
openqazaqstan
17 апр. 2017 / 15:26
  • 4619
  • 20
Как выбрать новостройку в Алматы: инсайты, критерии и личный опыт

Как выбрать новостройку в Алматы: инсайты, критерии и личный опыт

Я прекрасно понимаю тех, кто долго ищет подходящую квартиру - сама искала, потратила на поиск 1,5 года. Что, прежде всего, повлияло на мой выбор при покупке квартиры в новостройке Алматы?
Zhumanova
21 апр. 2017 / 10:04
  • 3111
  • 10
Депутат сената Айтимова: «Не нужно критиковать депутатов, так как вы сами их избирали»

Депутат сената Айтимова: «Не нужно критиковать депутатов, так как вы сами их избирали»

Наши депутаты известны не достижениями и работой, а своими высказываниями. Сегодня в СМИ вышла новость, где депутат сената Бырганым Айтимова ответила на критику народа.
tala03
20 апр. 2017 / 13:44
  • 2309
  • 17
Стихия всё спишет. Почему дамба за 200 миллионов никого не спасла?

Стихия всё спишет. Почему дамба за 200 миллионов никого не спасла?

Наводнение в Атбасаре, размытые дороги, подтопленные сёла по всему Центральному и Северному Казахстану... Что происходит?
openqazaqstan
19 апр. 2017 / 15:20
  • 2284
  • 14
«А ты покушала?» или Как завоевать сердце женщины простой заботой

«А ты покушала?» или Как завоевать сердце женщины простой заботой

Так как опыт хождения по свиданиям у меня немаленький, да и с интуицией давно дружу, я быстро отсеиваю тех, с кем будут проблемы. Как я это определяю? Очень просто.
Bonittta
вчера / 14:10
  • 2641
  • 89
Меня вывели из себя ученики 8 класса. Я осознала, что не хочу быть учителем

Меня вывели из себя ученики 8 класса. Я осознала, что не хочу быть учителем

Когда я пришла в первый раз на работу, слышала как доносятся крики из разных кабинетов. Крики это были не детей, а учителей, которые не могут сдержаться, когда уже все силы иссякли...
teacher1210
19 апр. 2017 / 7:56
  • 2399
  • 61
Чем меньше риск, тем меньше прибыль. Давайте зарабатывать больше, а я вам помогу

Чем меньше риск, тем меньше прибыль. Давайте зарабатывать больше, а я вам помогу

Если хотите жить как все казахстанцы, а казахстанцы в среднем живут очень бедно, то можете продолжать так же жить прежней жизнью, но если вы хотите жить лучше, чем вчера, надо заняться...
noyanovmyras
17 апр. 2017 / 17:02
  • 4663
  • 27