Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
07:18, 25 июля 2013

Қаржы полициясы пара берудің кезекті фактісін әшкереледі

2013 жылғы 23 шілдеде қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы шешім шығару үшін қаржы полициясының инспекторына 2 млн.теңге пара берді деген күдікпен «Тұрғын үй» МККМ бұрынғы директоры Н.Төрежанов және «Стронг Базис» ЖШС жетекшісі М.Жамалов ұсталды.

Қаржы полициясы «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жетілдіру» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Шымкент қаласының Қонаев бульварында орналасқан үйлерді жөндеу үшін бөлінген 5 млн.теңгеден астам бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуына тексеріс жүргізген. Аталған жоба бойынша тапсырушы «Тұрғын үй» МККМ, ал мердігер – «Стронг Базис» ЖШС болған.

Ағымдағы жылғы 24 шілдеде Төрежанов пен Жамаловқа қатысты ҚР ҚК 312-бабының 4-бөлігі «а,б» тармақтары бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта оларға қатысты бұлтартпау шарасын тағайындау мәселесі шешілуде.

0
241
0