Астанада Әскери-техникалық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі Қазақстан-Украина бірлескен үкіметаралық комиссиясының 4-ші отырысы болып өтті

МО РК July 25, 2013
203
0
0
0

Астанада Әскери-техникалық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі Қазақстан-Украина бірлескен үкіметаралық комиссиясының 4-ші отырысы болып өтті. Комиссия жұмысына Қазақстан Республикасы Қорғаныс...

Астанада Әскери-техникалық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі Қазақстан-Украина бірлескен үкіметаралық комиссиясының 4-ші отырысы болып өтті. Комиссия жұмысына Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары Сергей Громов пен Украина Қорғаныс министрінің орынбасары Александр Олейник басшылық жасады.

Отырыс барысында комиссияға қатысушылар екі ел арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық және қорғаныс өнеркәсібі кешендерінің өзара іс-қимылы мәселелерін қарастырды. Тараптар әскери техниканы жеткізу, жөндеу және жаңғырту жөнінде пікір алмасты. Сондай-ақ, Қазақстан аумағында қызмет көрсететін орталықтар мен бірлескен кәсіпорындар құру мәселелері сөз болды.

Комиссия отырысында Әскери-теңіз күштерінің құрылысы саласындағы ынтымақтастыққа айтарлықтай маңыз берілді. Сондай-ақ, тараптар Қазақстан мен Украинаның әскери-ғылыми және әскери өкілдіктері арасындағы ынтымақтастықтың болашағын талқылады.

– Комиссия отырыс қарсаңында екі елдің сарапшылары мен қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындары өкілдерінің арасында болып өткен кездесу жемісті өтті, – деді Қазақстан Қорғаныс министрінің орынбасары Сергей Громов. – Бүгінгі отырыс та екі жақты ынтымақтастықты одан әрі нығайта түсетініне сенімдімін.

Әскери-техникалық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі Қазақстан-Украина бірлескен үкіметаралық комиссиясы 4-ші отырысының қорытындысы бойынша хаттамаға қол қойылды.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

 

Оцените пост

0