Қазақстандық Станислав Лямин таэквондодан әлем чемпионы атанды

Kazsport agent 2013 M07 24
180
0
0
0

Болгарияның София қаласында 14-23 шілде аралығында ерлер арасында таэквондодан әлем чемпионаты өтіп, қазақстандық Станислав Лямин үздік шықты. Бұл туралы BNews.kz тілшісіне Қарағанды облыстық...

Болгарияның София қаласында 14-23 шілде аралығында ерлер арасында таэквондодан әлем чемпионаты өтіп, қазақстандық Станислав Лямин үздік шықты. Бұл туралы BNews.kz тілшісіне Қарағанды облыстық туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасынан хабарлады.

Чемпионатқа әлемнің 75 елінен 800 мықты спортшы қатысқан. Қарағанды облысынан ұлттық құрамаға 5 спортшы кірді.

Станислав Лямин бірінші орын алса, Владимир Смолин мен Станислав Тин жартылай финалда қарсыласынан осал түсіп, V орынға тұрақтады.

Аталған жарыста қазақстандық құрама жалпы командалық есеп бойынша бесінші орын алды.

 

«www.bnews.kz».

 

Оцените пост

0
Дальше