«Астанаға» не жетіспеді?

Kazsport agent 2013 M07 24
162
0
0
0

Биыл ғасырлық дәуірін атап өткен мәртебелі «Тур де Франс» велокөпкүндігінің де кезекті додасы аяқталды. 198 шабандоз жарыс жолына шыққан аламанда «Скай» командасының ұлыбританиялық саңлағы Крис Фрум...

Биыл ғасырлық дәуірін атап өткен мәртебелі «Тур де Франс» велокөпкүндігінің де кезекті додасы аяқталды. 198 шабандоз жарыс жолына шыққан аламанда «Скай» командасының ұлыбританиялық саңлағы Крис Фрум жеңіске жетті. Ал «Астананың» даниялық тарланы Якоб Фульсанг үздік жетіліктен көрінді. Жалпы, «Тур де Франстың» биылғы додасы бізге не берді? Бұрын қалай өнер көрсеткен едік? Міне, бүгінгі тақырыбымызда осы сұрақтарға жауап беруге тырыстық.

Есімізде, 2006 жыл болатын. «Астана» ве­ло­­командасы құрылып, тұңғыш рет қа­зақстандық велоұжымның «Тур де Франс­қа»қатысатынына бөркімізді аспанға лақ­тырдық. Бірақ қуанышымыз ұзаққа со­зыл­мады. Альберто Контадор бастаған бес спортшымыз «Пуэрто ісі» атты допинг­тік даудың тізімінде бар болып шықты да, шабандоздардыңаздығынан «Астана» атал­мыш жарыстан бас тартуға мәжбүр бол­ды. 2007 жылғы жорығымыз да тым сәт­сіз болды. Жарыс белортасынан асқан­да командамыздың капитаны Александр Ви­нокуровтың ағзасынан тыйым салынған дәрінің белгілері табылып, «Астана» тағы да көпкүндіктен шеттетілді. Өткен жылдар­да­ғы «қара дақ» 2008 жылғы жарысқа да әсер етіп, командамыз бұл жолы да көп­күн­дікке қатыса алмады. Тек 2009 жылдан бастап қана бүкіл «қара дақтан» тазарған «Ас­тана» «Тур де Франс» көпкүндігіне қа­тысуға мүмкіндік алды. Бірден тізгінді бос жіберіп, капитанымыз Альберто Контадор же­ңімпаз атанды. Сол кезде «Астананың» намысын қорғаған Лэнс Армстронг үздік үштіктен көрінді. Тағы бір майталманымыз Андреас Клоден 6-сатыға табан тіреді. Ко­мандалық есепте де «Астана» үздік шықты. Сөйтіп, 2009 жыл қазақтыңкомандасы үшін берекелі жыл болды. Келесі жылы да «Астана» капитаны Альберто Контадор алдына жан салған жоқ. Испандықтың бас грегариі болған Александр Винокуров 15-сатыға табан тіреді. 2011 жылы алда­ры­на жеңіске жету туралы мақсат қоймаған «Астана» жекелей сында да, жалпы есепте де үздіктер қатарынан көріне алмады. Ал ұлыбританиялық Брэдли Уиггинс жеңіске жеткен былтырғы көпкүндікте «Астана» Янец Брайковичке сенім артқан. Словения­лық саңлақ 9-орыннан көрінді. Команда­лық есепте «Астана» үздік төрттіктің қата­ры­на енді. Міне, елордалық клубтың «Тур де Франс» додасындағы бұған дейінгі көр­сет­кіштері осындай. Бірде сәтсіз, бірде сәт­ті өнер көрсетіп, әйтеуір өз жанкүйерлерін таба білді. Ал биыл несімен мақтана ала­ды?

Шыны керек, алғашқы аптада-ақ үш спортшысы жарыстан шығыпқалған «Ас­та­на» үшін командалық сында үздіктер қа­тары­нан көріну өте ауыр болды. Сон­дықтан, тек жекелей сында, жекелей ке­зе­ң­­дер­де ғана топ жаруды көздеп, сол үшін шабандоздар барын салды. Даниялық капитан Якоб Фульсангқа арқа сүйеп, әр турды әупірімдеп жүріп отырды. 18-кезең­де Алексей Луценко да жарыстан шығып қалып, «жығылғанға жұдырықтың» кебін киді. Бір сөзбен айтқанда, басқа коман­далар­ғақарағанда «Астананың» жағдайы мәз емес еді. Енді ше, өздеріңіз ойлапқа­ра­ңыздар, басқа командаларда капитанын сегіз серкесі сүйеп жүреді. Жарыс 150 ша­қы­рымға созылса, соның әр шақырымына бөліп қойған шабандоздары бар. Ал төрт-ақ көмекшісімен қалған Якоб Фульсанг бә­секелестеріне қайдан қауқар таныта қой­сын?! Рас, тістене жүріп, кейбір кезең­дер­­де алтылыққа, жетілікке тіпті, төрттікке ілігіп жүрді. Тоғызыншы кезеңде «күшім сар­­қылмай тұрғанда қамшы басайын» деді ме, бар өнерін көрсетіп, 2-орыннан көрінді. Одан арыға «Астананың» да, Фульсангтың да шамасы жетпеді.

Дегенмен, 22 команда, 198 спортшы­ның ішінде үздік жетілікке енудің өзі де ерлік. Ең бастысы, «Астана» қандай қиын­шы­лықтар болмасын, жеңіске ұмтылаты­нын дәлелдеді. Оның үстіне, клуб басшы­лы­ғы да шабандоздардан міндетті түрде жеңіске жетуді талап еткен жоқ. Ал келесі жылы, шыны керек, алдымызға бұдан да зор міндеттерді қою керек секілді. Әйтпесе, отандық жанкүйерлер шынымен де «Аста­наның» «Тур де Франс» бәйгесіндегі жеңіс­те­ріне шөліркеп қалғаны рас.

 

Александр Винокуров, «Астана» велоклубының бас менеджері:

– Парижге барар жолда төрт ша­бан­­до­зымыздан айырылдық. Мәреге жеткенде ең аз құрам бізде болды. Деген­мен, жігіт­тер ба­рын салып, Якоб Фуль­сангтың үздік­тер қа­тарынан кө­рінуіне қолдан келген мүм­­кін­дікті жа­сады. Капитанымыздың өзі де ке­ре­мет так­тика қолданып, үздіктермен бә­се­кел­есе білді.

«Тур де Франс» додасының биылғы үздіктері:

Турнир жеңімпазы (сары жейде) – Кристофер Фрум (Ұлыбритания, «Скай»)

Үздік спринтер (жасыл жейде) – Петер Саган (Словакия, «Каннондейл)

Тау патшасы (қызыл ноқатты жейде) – Найро Кинтана (Колумбия, «Скай»)

Үздік жас шабандоз (ақ жейде) – Найро Кинтана (Колумбия, «Скай»)

Ең қарқынды шабандоз (күлгін қызыл жейде) – Кристоф Риблон (Франция, «АГ2Р Мундиал)

Үздік команда – «Саксо-Тинкофф» (Дания)

«Тур де Франс» турнирінен кейін Ха­лық­аралық велосипедшілер қауымдас­ты­ғы велошабандоздар мен командалардың рейтингін қайта түзді. Жекелей сында Крис­тофер Фрум көш бастаса, Петер Саган екінші орынға ие болыпты. Ресейлік «Катю­шаның» испаниялық саңлағы Хоакин Родри­гез үздік үштікте. Ал «Астана» сапын­дағы Винченцо Нибали – 7, Якоб Фуль­санг  – 21, Максим Иглинский 143 сатыға табан тіреген.

Командалар рейтингінде Ұлыбрита­ния­ның «Скай» ұжымы үздік тұр. Испания­ның «Мовистары» 2-орында болса, «Катю­ша» 3-сатыда. Қазақтың «Астанасы» 4-орын­ға жайғасқан.

Ұлттық құрама командалар рейтингін­де Қазақстан 31-орында. Ал үздік үштікте – Ис­пания, Ұлыбритания және Колумбия.

Әзиз ЖҰМАДІЛ

 

Оцените пост

0
Дальше