Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
00:49, 24 июля 2013

Қарағандының «Шахтер» командасы Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне шықты

Blog post image

Футболдан Қарағандының »Шахтер» командасы Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне шықты, деп жазады Аламан спорт сайты.

«Қазақстан чемпионы БАТЭ (Белорусь) клубын ұтты. Борисов қаласында өткен кездесуде қарағандылықтар 1:0 есебімен ұтқан еді. Ал Қарағандыдағы кездесуде есеп ашылған жоқ. Біздің команда жеңіске жету үшін қолдан келгеннің бәрін жасады», деп көрсетілген жазбада.

68 минутта қонақтар сапынан Сергей Кривец пенальти соға алмады. Артынша «Шахтер» сапында ойынға жаңадан шыққан Игорь Зенькович 82 минутта керемет гол салып, үшінші кезеңнің жолдама мәселесін толық шешті. Осылайша екі ойында да жеңіске жеткен біздің чемпиондар еуротурнирдегі жолын ары қарай жалғастырады.

«Шахтер» келесі өз алаңындағы ойынын Астана арена стадионында өткізеді. Қарағандыдағы стадион УЕФА стандартына жауап бермейді. «Шахтердің» келесі қарсыласы түн ауа белгілі болады.

«Шахтер»  — БАТЭ (Борисов, Беларусь) 1:0 (0:0)

Гол: Зенькович 82 (1:0)

Пенальти соға алмады: Кривец 67

Ескертулер: Порываев 30, Джидич 54, Мокин 67, Малый 68, Симчевич 77 — Лихтарович 23, Родионов 68

«Шахтер»: Мокин, Василевич, Порываев, Джидич, Малый, Симчевич, Вичюс, Казарян (Зенькович 70), Каньяс (Байжанов 90), Финонченко (Габышев 87), Хижниченко

БАТЭ: Горбунов, Радьков, Бордачев (Юревич 81), Филипенко, Поляков, Лихтарович (Павлов 53), Володько А., Алексиевич, Кривец, Глеб (Концевой 75), Родионов

Төреші: Штефан Клосснер (Швейцария)

Бірінші ойын: 1:0.

 
0
231
0