Кукушкин келесі кезеңге өтті

Kazsport agent 2013 M07 24
153
0
0
0

Астана қаласында теннистен өтіп жатқан «Президент кубогында» жерлесіміз Михаил Кукушкин келесі кезеңге өтті. Ол Словакиядан келген теннисші Адриан Сикорды ( 7:5; 7:6; 7:2;) жеңді. Михаил...

Астана қаласында теннистен өтіп жатқан «Президент кубогында» жерлесіміз Михаил Кукушкин келесі кезеңге өтті. Ол Словакиядан келген теннисші Адриан Сикорды ( 7:5; 7:6; 7:2;) жеңді.

Михаил Кукушкиннің келесі кезеңдегі қарсыласы аустралиялық Дейн Проподжи болады. Дейн алғашқы кезеңде еліміздің атынан сынға түскен Алексей Нестеровты қапы қалдырды. Екі сетке созылған ойындағы есеп 6:3; 6:1 есебімен аустралиялық теннисшінің пайдасына шешілді.

Ерлер арасында жарыстың басты жүлдесіне үміткер Израильден келгенДуди Села тағы бір жерлесіміз Денис Евсеевты жарыс жолынан шығарды. Есеп 6:1; 6:2. Әйелдер арасында әлемдік рейтінгідегі көрсеткіші жоғары португалдық Мария Жоао Кохлер де келесі кезеңге сүрінбей өтті. Ол Тайландтан келген Нуднид Луаннды екі сет қорытындысы бойынша 6:1; 6:2 есебімен жеңді.

Естеріңізге сала кетсек, теннистен «Президент кубогы» 22 шілде күні басталған болатын. Жарыс 28 шілде күні өз мәресіне жетеді.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

 

Оцените пост

0