Қаржы полициясы Павлодар облысында су құбырының құрылысына бөлінген 153 млн.теңгенің ұрлануын анықтады

2013 жылғы 16 шілдеде Қаржы полициясы агенттігі Павлодар облысы Құрылыс басқармасының бұрынғы бастығы А. Күлжановқа және «КазСтройСервис-7» ЖШС жетекшісі Б. Сыдықовқа қатысты қылмыстық іс...

2013 жылғы 16 шілдеде Қаржы полициясы агенттігі Павлодар облысы Құрылыс басқармасының бұрынғы бастығы А. Күлжановқа және «КазСтройСервис-7» ЖШС жетекшісі Б. Сыдықовқа қатысты қылмыстық іс қозғады.

Олар 2012 жылғы желтоқсанда Павлодар облысының Заринский ауылдық округының аумағында суару үшін су құбырының құрылысы бойынша орындалған жұмыстардың жалған актілеріне қол қою арқылы 153 млн.теңгеден астам бюджет қаражатын ұрлаған деп күдіктенуде.

22 шілдеде Күлжанов ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Қылмыстық іс тергелуде, нәтижелері жұртшылыққа жеткізілетін болады.

Оцените пост

0