Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
04:18, 23 июля 2013

Жапонша бизнес

Blog post imageЖапонша бизнес немесе жапондық бизнес-кеңесші  Кеничи Омаедан  4  ақыл:

1. Дұрыс жауап болмайды.

Замануи тірлікке сай,  әлемде ешқандай сұраққа дұрыс жауап жоқ. Болмайды да. Нақтылық жеткізе білуде ғана. Кәсіпті қалай дұрыс жасау керек екенін ешкім білмейді,  тек қана жетістікке жеткендердің тәжірибесінен алынған нәтижелермен салыстыру ғана бар. Сондықтан  ең маңыздысы нық жауапты жеткізе білу қабілетін дамыту шарт, сәйкесінше ол жауаптың күштілігі  - оған басқа ешкімнің басы жетпеуде.

Адамның ойлау қабілетінің ұшқыр шыңы шексіз,  батылдық пен әрекет етудің арқасында діттеген мақсатқа жетесіз, сондықтан да ол құнды. Дұрысы әртүрлі ықтималдылық пен болжаумен сөйлегеннен, іске асқан жобаларды мысалға келтіріп сенімді болу керек.  Сіздің тапқан жауабыңызды сізге дейін ешкім айтпаса, құндылық сол.

2. Ең бастысы -Адамдар.

Барлық ресурстардың ішінде ең маңыздысы – адамдар. Мысалғы Жапонияны алайық. Жапония кішкене ғана арал, ешқандай табиғи байлығы жоқ. Бірақ онда 120 млн талпынысы бар жақсы адамдар тұрады, олар  тылсымнан кереметтер өндіретін болғаннан кейін ол ел  әлемдегі  экономикалық күшті елдердің көшін бастайды. Дәл осылай кәсіпкерліктерде де. Яғни кәсіпкерлікте өндіріс күші аз болуы мүмкін, бірақ онда  қызмет атқаратын мамандар өз ісінің мамандары болса, жолда кездесетін барлық кедергілерден сүрінбей өтіп гүлденуге жол ашады. Сондықтан да бірінші орында – адамдар.

3. Бастық секілді ойлан.

Мен барлық уақытта өзімді сынап-мінегенше, Бастықтың орнына қойып ойланамын, себебі ол өзіме күтпеген шешімдер жасауға жетелейді. Мысалы ойланыңызшы, сіз егер Yahoo -дың немесе FORD-тың  директоры болсаңыз не істер едіңіз? Көпшілік бұл сұраққа  ”ол мүмкін емес ” деп жауап береді. Жоқ. Мүмкін емес тек оған ғана. Ойланыңыз.

Бұл әдіс мәселені шешуге таптырмайтын әдіс. Өте қарапайым, бірақ оған көпшілік бас ауыртпайды. Үлкен кәсіпкерлікті басқарғаннан гөрі ақыл айту оңай. Егер сіз өз кәсіпкерлігіңізді басқарсаңыз дұрыс қадам жасау қиындау болады. Сондықтан осы әдіспен біреудің мәселелері арқылы өзіңізге тиімді ұтымды қадамдар жасауға болады.
Осы әдісті қолыңыз бос болса  жиі қайталаңыз.

4. Өзгешілдік – табыс көзі.

Шығармашылық ойлау – бүгінде үлкен жетістік көзі.  Мысалы, Покемон – сан жетпес табыс әкелуде. Ал ол бар жоғы бір адамның ойынан туындаған туынды ғана. Сонымен қатар жапон автокөліктерінің дизаины Қытайда орасан зор сұранысқа ие. Осының барлығы өзгешеліктің арқасы. Ештеңеге ұқсамау, ерекшелік – бас айналдырарлық кірістің кілті.

Сіз  Кацусика Хокусай деген суретшіні танисыз ба?  Ол сурет әлеміне жаңа жанр қосқан адам, оның атауы – суримоно. Оның суреттерінің сюжеті мүмкінсіздік тудырғанымен, оған қарағанда менің басыма  жаңа идеялар келеді  Ондай адамдар әлемде санаулы ғана, бірақ бар: Фил Найт – Nike компаниясын құрушы. Стив Джобс – Appleдің әкесі. Кинорежиссер Акура Куросава. Бірақ осы тізімдегілердің ең құдіреттісі мен үшін – Уолт Дисней.

 
0
568
0