«Қайрат» академиясы шақырады

Kazsport agent 2013 M07 23
1389
1
34
0

Академияға балаларды іріктеу үшін ашық есік күндері өтіп, клубта балаларға арнап селекциялық тексеру өтеді. Тексеру нәтижесі бойынша дарынды жеткіншектер «Қайрат» академиясында тәлім алуға мүмкіндік...

Академияға балаларды іріктеу үшін ашық есік күндері өтіп, клубта балаларға арнап селекциялық тексеру өтеді. Тексеру нәтижесі бойынша дарынды жеткіншектер «Қайрат» академиясында тәлім алуға мүмкіндік алады..

 

Алматыда «Қайрат» футбол клубының балалар академиясы ашылды. Қала әкімдігі баспасөз қызметініңхабарлауынша, футбол құрамасының бұрынғы базасынан ашылған академияда 8 бен 13 жас аралығындағы балалар тәлім алады.

—  Біз балаларды кішкентай күнінен спортқа баулу мақсатында Каблуков көшесіндегі танымал базамызды қалпына келтіріп, іске қосып отырмыз. Мақсатымыз – алдағы уақытта әлемдік ареналарға шығу. Бұған біздің қаламыздың мүмкіндігі жетеді және осы мақсатқа жетеміз деп ойлаймын», – деді академияның ашылу салтанатында сөз алған қалаәкімі Ахметжан Есімов.

Мәлімдемеге сүйенсек, академияға балаларды іріктеу үшін ашықесік күндері өтіп, клубта балаларға арнап селекциялық тексеру өтеді. Тексеру нәтижесі бойынша дарынды жеткіншектер «Қайрат» академиясында тәлім алуға мүмкіндік алады..

Екі гектардан астам аумақты алып жатқан нысанда үш ойын алаңы орналасқан. Сонымен қатар онда қысқы манеж бен себезгі бөлмелері, оқузалдары, екі медициналық қосын, гимнастика және жаттығу залдары бар.

Ашық есік күндері тамыздың 10-ы мен 11-іне жоспарланған. Бірінші күні 2001-2003 жылғы жеткіншектер арасында іріктеу жүргізілсе, екінші күні 2004-2007 жылғы балдырғандар арасында селекциялық іріктеу өтеді. Толық мәліметті білу үшін «Қайрат» футбол клубының баспасөз қызметіне хабарласқандарыңыз жөн.

 

Абылайхан ҚЫЛЫШБАЕВ

 

Оцените пост

34

Комментарии