Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
08:11, 22 июля 2013

Қаржы полициясы агенттігінде жұмыс істейтін ұлты қазақ емес өкілдерінің арасында шығармашылық сайыс өткізілді

Астана күнін мерекелеуге байланысты және мемлекеттік тілді дамыту бойынша мәселелерді шешу мақсатында Қаржы полициясы агенттігінде жұмыс істейтін ұлты қазақ емес қызметкерлердің арасында шығармашылық сайыс өткізілді.
Шығармашылық сайыстың жеңмпаздарын анықтау барысында сайысқа қатысқан қызметкерлердің жазған шығармалары ғана қаралмай, 2013 жылғы қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейінгі кезеңде мемлекеттік тілде әзірлеген құжаттарына талдау жасалды.
Нәтижесінде, Агенттіктің Сыбайлас жемқорлық туралы істерді ашу және оның алдын алу департаментінің инспекторы Илья  Скуб – 1 орынды, Ұйымдастыру-бақылау департаменті-инспекциясы кезекші бөлімінің аса маңызды істер жөніндегі аға инспекторы Денис Водилов – 2 орынды, Арнайы департаменттің аса маңызды істер жөніндегі аға инспекторы Роман Лагутин мен Экономикалық және қаржылық қылмыстарды ашу департаменттінің инспекторы Леонид Ким – 3 орынды иеленді.

Жоғарыда көрсетілген қызметкерлерді шығарма жазуда жүлделі орындарға ие болғаны, мемлекеттік тілде көп құжат дайындағаны үшін, «Астана күнін» мерекелеуге байланысты олар Агенттік Төрағасының құқығымен грамоталармен марапатталады.

0
343
0