Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
23:17, 21 июля 2013

Бразилиядағы 2014 жылғы ӘЧ матчтары билеттерінің құны жарияланды

Blog post image

РИО-ДЕ-ЖАНЕЙРО. 20 шiлде 2013, 17:44. BNews.kz

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) 2014 жылы Бразилияда өтетін әлем чемпионаты матчтары билеттерінің құнын жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz ұйымның ресми сайтына сілтеме жасап. Айта кетерлігі, билет турнир қожайындарына қарағанда қонақтарға қымбатырақ сатылмақ.

«ӘЧ-2014 қонақтарына арналған ең арзан билет 90 доллар тұрады. Ол шетелден Бразилияға келген жанкүйерлерге жарыстың топтық кезеңі матчтарының біріне кіруге мүмкіндік береді. Финалдық ойындар кезінде шетелдіктер трибунадағы бір орын үшін 440-тан 990 долларға дейін төлейді», — делінген хабарламада.

Бразилия тұрғындары үшін ең арзан билет 15 доллар тұрады. Бұл бағаға студенттер, елдің 60 жастан асқан тұрғындары мен бірқатар әлеуметтік бағдарламаға қатысушылар топтық кезең матчтарына көре алады. Елдің қалған тұрғындары үшін ең арзан билет 30 доллардан бастап сатылады.

 

«www.bnews.kz».

 
0
118
0