2-ШІ КҮН

jbhUGHbGHblBIn6596 2013 M07 21
542
0
0
0

Сәлем достар!Бүгінгі күн өте қызықты болды! Біз бүгін тарихы мол жерлерге барып,көптеген информация жинадық. Ең бірінші біз Қабанбай батырдың мазарына бардық. Ол жерде бізді Камал Абдрахманов есімді...

Сәлем достар!Бүгінгі күн өте қызықты болды! Біз бүгін тарихы мол жерлерге барып,көптеген информация жинадық.

Ең бірінші біз Қабанбай батырдың мазарына бардық. Ол жерде бізді Камал Абдрахманов есімді қарт ата қарсы алды.Бізді көріп қатты қуанды.Амандасып болған соң ол бізге «мазардың»қысқаша тарихын айтып берді.

Мұнша әсем,зәулім ғимаратты Ақжайық Сәуменов пен Сәдуақас Сағынтаев есімді архитекторлар тұрғызды.Бұл кесененің биіктігі 21 метр,ал тереңдігі 2,5 метр.Бұл мазар салынып болған кезінде Қабанбай атамыздың сүйегі 2000 жылы табылып осы жерге жерленген.

Негізіне келгенде Қабанбай батырдың шын есімі Ерасыл екен.Оны жеңгелері «Нарбала»,жолдастары «Мырзабала»,ал нағашылары «Қабанбай» деп атаған екен.Ол өз батырлығын,ерлігін шайқастарда анық көрсетіп талай жау әскерлерін таң қалдырған.

Елімізді қорғаған осындай батырымыздың есімін мәңгі ел есінен өшпес үшін бар мүмкіндікті жасап жүрген Камал Абдрахманов та өте жақсы адам.Ол бізге біраз аңыз-әңгімелер айтып бізді жылы жүзбен шығарып салды.

Бұл нысаннан шыққан соң біз түскі ас ішіп алып теплоходпен серуендедік.Суретке түсіп біраз сергіп алдық.


Теплоходпен серуендеп болған соң біз «Атамекен» атты этнопаркке бардық.Ол жердің көркемдігі расыменде көздің жауын алады.Ол жерде әрбі р макет тіп нұсқадай көрінеді.Әрбір қаланың әсем жерлерін тамашаладық.Ол жерде Ақтөбенің макетін көргенде қуанып қалдық.

Бүгінгі алған әсерлеріміз үшін «DANA tour» компаниясына рахмет!!!!!!!!!»»

Оцените пост

0
Дальше