Тікелей эфир

Зымыран жанармайының жаңа түрін ойлап тапқан Гауһар Зайденова

11-ші сынып бітірген атыраулық Гауһар Зайденова Байқоңыр қаласында өткен ғарыштық зерттеулер бойынша Халықаралық тоғызыншы ғылыми жобалар жарысында зымыран жанармайының жаңа түрін ойлап тапты. Жас ғалымның еңбегіне ресейлік мамандар назар аударып, жұмысын алып қалып, ары қарай зерттеу жүргізбекші екен. Байқау жайлы және де болашақтағы жоспарларымен Гауһардың өзі бөлісіп отыр.

- Сәлем, өзің жайлы айтып өтсең?

- Сәлем! Мен Атырау қаласында 1996 жылы 16 қыркүйекте дүниеге келдім. Отбасымда әкем, анам, ал менен кейін екі сіңілім және інім бар. Кішкентайымнан зерек бала болып өстім, 1,5 жастан бастап жүріп, сөйлей бастадым. Оқуға деген қызығушылық бала кезімнен бар.

- Техникалық гимназияға түсу өзіңнің қалауың ба, әлде ата-анаң кеңес берді ме?

- Ата-анамның кеңесімен осы мектепке 1-сыныптан бастап емтихан тапсырып түстім. Бастауыш сыныптан бастап оқу озаты болдым. Барлық пәндерді сүйіп оқыдым. Бірақ 8-сыныптан бастап химия пәніне қызығушылығым туды, есеп шығаруды жақсы көрдім.

- Мектепте сүйікті мұғалімдерің бар ма?

- Ең сүйікті мұғалімім осы химия пәніне жол салып берген Мұраттолаева Рабиға Мұраттолақызына алғысым шексіз.

- Олимпиадаға апарған зерттеу тақырыбыңды қалай таңдадың? Зерттеу процесін қалай жүргізгеніңді айтып берсең?

- Химия пәнінің мұғалімдері менің химияға деген қызығушылығымды көріп, ғылыми жұмыс бастауға ақыл-кеңес берді. Зерттеу жұмыстарын Атырау мұнай және газ өндіру зауытындағы лабораториясында жүргіздім. Екі жылдай үзбей еңбектеніп, түрлі шетел басылымдарын алғызып, арнайы лабораторияларда зерттеулер жүргіздім. Ең бастысы, маған дейін зерттелмеген тақырыпқа барғым келді.

- Ал Олимпиада кездері есіңде несімен қалды? Команда мүшелері кімдер болды?

- Есімде қалған сәттер - жүлдегер атанып, сахнаға шығып жүрегімнің лүпілдегені. Жұмысымды жеке өзім қорғадым (команда мүшелері болған жоқ). Ресей ғалымдары жұмысымды жоғары бағалады.

- Сенің командаң жаңа зымыран отынын ойлап тапты десек болады, оның маңызы мен болашақтағы пайдасын түсіндіріп өтсең?

- Бұл жанармайының маңызы - температура қаншалықты жоғарыласа да қатпай, өзінің бойындағы сапасын жоғалтпайды.

- ҰБТ-дан босатылғаныңда бір жеңілдеп қалған шығарсың? Ресей Университеттеріне оқуға да мүмкіндік болыпты, ҚБТУ-ды таңдауыңа не себеп болды?

- Иә, әрине, ол әрбір 11-сынып оқушысының арманы шығар (күліп). Ата-анамның кеңесімен осы университетті таңдадым. Өйткені қазірше өз елімде болғым келеді. Ал болашақта мүмкін оқуымды шетелде жалғастырармын.

- Бос уақытыңда немен айналысасың?

- Бос уақытымда спортпен айналысамын. 9 жасымнан бастап көркем гимнастикамен шұғылданамын. Көптеген жарыстардың чемпионымын, Қазақстанның құрама командасының мүшесімін, спорт шеберлігіне үміткерімін. Сондай-ақ әдеби кітаптарды сүйіп оқимын.

- Болашақта өзіңді қандай мамандық иесі ретінде көресің?

- Болашақта мамандығымды химия саласымын байланыстырғым келеді. Ғалым болсам деп армандаймын.

- Өмірлік ұстанымың қандай?

- Өмірлік ұстанымым - алға қойған мақсатыма жету.

Сұхбаттасқан: Айжан Кәрібаева


Редакцияның рұқсатынсыз материалды өзге сайттарға көшіруге жол берілмейді

Алия Arsik
19 шілде 2013, 12:01
5615

Loading...

Пікірлер

Odette
1
0
Армандарың орындала берсін, Гауһар!
Сұлу, гимнастикамен де айналысады, білімді. Сөз жоқ, өте жақсы қыз екен )
Енді жаңа жанармайы гептил сиықты зиянды болмаса игі, егер олай болса, онда тексерістен сәтті өтуін тілеймін.
Гауһар, нағыз қазақтың ақылына көркі сай қыздарының бірегейі екенсің! Өмірде жолың ақ болып, арман-мақсаттарыңа жете бер!
cray
1
0
А про топливо почему не написали? Тема горючки не раскрыта.
дүниеге келетін жерінде опечятка кетіп қалыпты))
Про топливо по подробнее было бы замечательно а тут биография
Тоже там участвовал и взял диплом 1 степени, ну про новое топлива не слышал. Пожалуйста по подробнее напишите интересно)))
блядь и опять ломанный казахский... выбесило слово "команда" ну вот что за бред всё вроде шло гладко и на тебе команда ! GNgGco8n56lG6L3ER15Ci6vHjK96bG.gif
а девочка молодец, успехов ей в будущем !
Менин кыздарым да ГАУХАР сиякты билимди, онерли болса деймин. Бакытты бол Гаухар. Армандарын орындалсын

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

Самый большой провайдер в стране: методы работы с клиентами от «Казахтелеком»

Самый большой провайдер в стране: методы работы с клиентами от «Казахтелеком»

История о том, как Народный провайдер наваривается на своих клиентах, намерено не отключая услуги, и беря лишние деньги за ненужные и не оказываемые услуги.
ligaspravedlivosti
17 нояб. 2017 / 19:12
  • 34889
  • 197
Бесспорные доказательства – путь к упрощенному судопроизводству

Бесспорные доказательства – путь к упрощенному судопроизводству

В Казахстане введен институт упрощенного (письменного) судопроизводства, который позволяет повысить доступность правосудия и сократить сроки рассмотрения дел.
mark_iceberg
20 нояб. 2017 / 15:49
  • 15726
  • 3
Новшества на орбите уголовного правосудия

Новшества на орбите уголовного правосудия

Недавно я приняла участие в международной конференции по модернизации уголовного процесса, прошедшей в Бурабае. В чем значимость данных реформ для обычного казахстанца?
mirabeisenova
20 нояб. 2017 / 16:22
  • 12535
  • 3
Почему катастрофический отток интеллектуальной элиты не тревожит Астану?

Почему катастрофический отток интеллектуальной элиты не тревожит Астану?

Как сообщает телеканал КТК, только за последние девять месяцев Казахстан покинули 28200 человек, из них почти пять тысяч инженеров, около 2700 экономистов и 1700 учителей.
openqazaqstan
17 нояб. 2017 / 11:00
  • 12251
  • 62
О «топ-30», «топ-50» и прочих понтах можно пока забыть

О «топ-30», «топ-50» и прочих понтах можно пока забыть

В объективности выводов швейцарского банка Credit Suisse усомниться трудно – его экономические рейтинги относятся к самым авторитетным и их явно трудно упрекнуть в предвзятости
openqazaqstan
18 нояб. 2017 / 17:21
  • 7983
  • 91
Атамбаев под занавес президентства сделал всё, чтобы сжечь мосты

Атамбаев под занавес президентства сделал всё, чтобы сжечь мосты

На своей итоговой пресс-конференции в понедельник уходящий кыргызский президент говорил не об итогах своей деятельности, а о «плохом» Казахстане.
openqazaqstan
21 нояб. 2017 / 18:36
«Смех сквозь слезы», или 7 причин не любить Алматы

«Смех сквозь слезы», или 7 причин не любить Алматы

Жизнь в Алматы не всегда сладкая, как сахарная вата и мультики субботним утром. В этой ироничной статье автор блога «Almaty — My First Love» расскажет о семи причинах не любить Алматы.
AlmatyMyLove
20 нояб. 2017 / 13:12
  • 2923
  • 71
В Кызылорде нет Детского дома: мы построили 8 коттеджей для детей

В Кызылорде нет Детского дома: мы построили 8 коттеджей для детей

Тут живут будущие повара, актрисы, журналисты, боксеры, баскетболисты, певцы, поэты и многие другие талантливые дети!
socium_kzo
22 нояб. 2017 / 14:49
  • 2175
  • 0
«Полет ради полета»: знакомство с калужской авиацией изнутри

«Полет ради полета»: знакомство с калужской авиацией изнутри

В прошлом году на мероприятии "Слет Авиатора" я выиграла подарок - экскурсию на командно-диспетчерский пункт (КДП). Но тогда я даже не ожидала, что эта экскурсия выльется в такое интересное...
Aleksandra747
20 нояб. 2017 / 9:00
  • 1654
  • 6