Оралда «Ақжайық» футбол клубының ойынын тамашалау ақылы болады

Kazsport agent July 17, 2013
208
0
0
0

ОРАЛ. 17 шiлде 2013, 18:08. BNews.kz «Ақжайық» футбол клубының матчына кіруге билет сатылатын болады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 20-ші шілдеде...

ОРАЛ. 17 шiлде 2013, 18:08. BNews.kz

«Ақжайық» футбол клубының матчына кіруге билет сатылатын болады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

20-ші шілдеде Ақжайық пен Өскеменнің «Шығысы» кездесуіне алғаш рет билет сатылмақ.

«Билеттің құны ересектерге де балаларға да 100 теңге көлемінде белгіленді. Біз жанкүйерлерімізге ауыр болмауы үшін осындай бағамен билет сатамыз. Басқа қалалардың барлығында ойынды тамашалау ақылы»,- деді «Ақжайық» ФК пресс-атташесі Арсен Губашев.

Сонымен қатар, «Ақжайық» ФК бас директоры Рашит Хуснутдинов өз өтінішімен жұмыстан кеткені хабарланды. Бұл қызметті клуб директорының орынбасары болған Эрик Кенжебаев атқарады

 

Оцените пост

0