Он бірінші күн (соңғы күніміз)

LyazzatS 2013 M07 17
230
0
0
0

Бүгін біздің экспедициямызды қорытындылайтын күн.Яғни,бүгін біз Ақтөбеге жол жүреміз.Осы қызықты 10 күннің қалай өткенін мәлімдеу үшін біз Астана қаласының ФМБ НЗМ-іне бардық.Бұл жерде біз осы...

Бүгін біздің экспедициямызды қорытындылайтын күн.Яғни,бүгін біз Ақтөбеге жол жүреміз.Осы қызықты 10 күннің қалай өткенін мәлімдеу үшін біз Астана қаласының ФМБ НЗМ-іне бардық.Бұл жерде біз осы экспедиция бойы алған өз сезімдерімізді баяндап,слайдшоуларымызды,түсірген фотосуреттерімізді көрсеттік.Кешіміздің соңында бізге осы 10 күн бойы өте жақсы қызмет көрсеткен "DANA tour" туристік компаниясы біздің мектепке өз сыйлықтарын сыйлап,жылы лебіздерін білдірді.Содан соң,әр біреуімізге шар беріп,бәріміз естелікке суретке түстік.Сыртқа шыққан соң,сол шарларымызды әуеге ұшырдық.Неше түрлі-түсті шарлар әуеде өте әдемі көрінді)Осылай біз Астана қаласында болған "Туған елге тағзым"атты экспедициямызды өте сәтті аяқтадық.Экспедиция барысында біз тарихымызға үңіліп,қазіргімізге тамсана қарап,болашағымызды жоспарладық,көптеген мәліметтер жинақтап,білімімізді толықтырдық,бір-бірімізбен достаса түстік.Маған осы 10 күннің барлығы есімде ұзаққа қалады деп ойлаймын.Себебі,маған бұл экспедиция барысы өте қатты ұнады әрі артынан көптеген қуанышты естеліктер қалдырды.Міне,енді біз қайта Ақтөбеге кетіп барамыз.Бір жағынан Астананы,қызықты күндерді қимайсың,бір жағынан туған қалаңа да асығасың))Cөз соңында мен осы 10 күн бойы біздің жағдайымызды жасап жүрген "DANA tour" компаниясы мен біздің ағай-апайларымызға,"Туған елге тағзым" бағдарламасының басшысына үлкен алғысымды білдіргім келеді.

Сіздермен бірге осы күндер бойы болған мен- Санат Ляззат,Ақтөбе қаласының ФМБ НЗМ-інің оқушысы!Келесі көріскенше!!!

10.07.2013  20:00

Оцените пост

0