Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
11:19, 17 июля 2013

Оныншы күн

Міне,бүгін біздің экспедициямыздың соңғы күні болды.Бүгінгі біздің жол тартар жеріміз-саяси қуғын сүргін құрбандарының «Алжир» мемориалды мұражай кешені болды.Біріншіден,АЛЖИР дегеніміз не? А.Л.Ж.И.Р. (орыс. Акмолинский Лагерь Жён Изменников Родины - Отан сатқындары әйелдерінің Ақмола лагері) - cонау 1937-ші жылы ІІХК-ның арнайы бұйрығымен салынған Ақмола халық жаулары әйелдерінің лагері, кейін баршаның аузында АЛЖИР аталып кеткен азап орталығында 20 мыңға дейін нәзік жандар қамауда болған. Қарағанды лагерінің 17-ші бөлімшесінің артынан 26-шы нүкте болып құрылған осынау тозақ орталығында небір ел жайсаңдарының зайыптары, қыздары мен қарындастары жазықсыздан-жазықсыз жапа шекті. Ең сұмдығы – мұнда бойына нәресте біткен аналарға да мейірімділік жасалмады. Нәтижесінде темір тордың ар жағында 1 мың 507 нәресте дүниеге келіп, олардың басым көпшілігі аштық пен суықтың құрбаны болды.Ал қазіргі,сол жерде орналасқан мұражай 2007 жылы Ақмола облысына қарасты Целиноград ауданының орталығы Ақмол ауылында ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей атсалысуымен ашылған. Мемориалдық кешен «Қайғы қақпасы» монументі, «Күрес пен үміт» және «Ашыну мен дәрменсіздік» секілді екі мүсіндік композициядан, сондай-ақ «Еске алу қабырғасынан» құралған.Бұл жерде біз осы жерде қиын-қыстау ғұмыр кешкен нәзік жандарды осы жерге қалай алдап алып келгені ,қандай жағдайда тіршілік еткендері туралы көптеген сұмдық мағұлматтар естідік.Олардың қолданған заттарына,сол жерде отырып жазған хаттарына,қолдан жасаған кестелері мен мүсіндеріне куә болдық.Бұл жерде балаларының аналарына жазған хаттары да сақталған екен.Хаттарды оқығанымызда,жанымыз түршігіп кетіп,көзімізге жас алдық.Ал соңында осы лагерь туралы көрген бейнефильмнен алған әсерімізді сөзбен жеткізу мүмкін емес.Менің ойымша,ендігі біздің борышымыз-осы қанқұйлы жылдардың оқиғасын,оның жазықсыз құрбаны болған азаматтардың есімдерін ұмытпау,оларды мәңгі есімізде сақтау.

Кейін біз осы жерге жақын орналасқан-Астана орманына жол тарттық.Ол 1998 жылы құрылған екен.Қазіргі уақытта бұл орман жылдан –жылға көркейіп,өсуде.Ал сол жердің ауасын айтсаңшы!Неткен керемет әрі таза!Осындай жасыл желекке толы жерден кейін біз «Назарбаев орталығына»бардық.Бұл орталық 2012 жылы 23 қаңтарда Н.Ә.Назарбаевтың өзінің қалауымен ашылған.Ол Қазақстанның тарихы мен мәдениетіне арналып салынған екен.Мұражайда біз батырлардың қару-жарақтары мен киген киімдерін,алтын адамды(түп нұсқа емес),көптеген тарихи экспонаттарды тамашаладық.Осы Назарбаев орталығына келгенде бізді 24kz телеарнасы бейнекамераға түсіріп,біздерден осы экспедиция бойы алған әсерлерімізді сұрап,тележоба жасады.Менің ойымша, бүгін біз көптеген мәліметтер біліп,білімімізді одан әрі толықтырдық.Ертен біз,бұйыртса,қайта Ақтөбеге ораламыз)))

9.07.2013 22:30

Cаяси қуғын сүргін құрбандарының «Алжир» мемориалды мұражай кешені

Blog post image

Blog post image

Blog post image

Назарбаев орталығы

Blog post image


0
1492
0