Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
00:55, 17 июля 2013

Қазақстан мен Беларусь қарулы күштері: біртұтас құқық қолдану түсіністігіне қол жеткізілді

Бүгін Астанада, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полиция бас басқармасының базасында, халықаралық ынтымақтастық шеңберінде ҚР Қарулы Күштері Әскери полициясы басшылығының Беларусь Республикасы сарапшыларымен кездесуі болды. Беларусь делегациясын Беларусь Республикасының Әскери прокуроры әділет генерал-майоры Александр Драница бастап келді. Қазақстан әскери ведомствосының басшылығы атынан меймандарды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор Мұқан Дүйсекеев қарсы алды.

 

Blog post image

 

Кәсіби қызмет мәселелерінде тәжірибе алмасу кездесудің басты мақсаты болды. Құқық тәртібін жүзеге асыру саласындағы құқықтық механизмдерді қамтамасыз етудегі өзара тиімді ортақ нүктелер табуға айрықша назар аударылды.

   

Беларусь Қарулы Күштерімен қызметтік іс-әрекеттерді ұйымдастыруда ортақ мүдделереміз бар, сол себепті ақпарат пен пікір алмасарлық мәселелер жетерлік, - деді ҚР ҚК Әскери полиция бас басқармасының бастығы әділет полковнигі Тимур Дандыбаев.

   

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері ТМД-да алғашқы болып әскери полицияны құрды. Бұл құрылым биыл өзінің 16 жылдығын атап өтті. 2005 жылы Қазақстан Республикасының «Әскери полиция органдары туралы» Заңы қабылданды . Аталған құжат Қарулы Күштердегі әскери полиция органдарының құқықтық негіздерін, принциптерін, тапсырмалары мен жүйесін бекітіп берді.

   

Қазігі уақытта әскери полиция қарулы күштер жүйесінде өз орнын алып отыр. Әскери бөлімдер командирлері және тәрбие құрылымдарымен жолға қойылған жұмыстардың нәтижесінде әскерлерде құқық бұзушылық айтарлықтай қысқарды. Қарулы Күштерде тіркелген құқық бұзушылықтардың орта есеппен жылына 10-15 пайызға кемуі осының дәлелі.

   

-    Біз Қаазақстан Қарулы Күштерінің Әскери полицияны қалыптастыру жөніндегі тәжірибесін әскерлерде заңдылық пен құқық тәртібін нығайту ісіне ауқымды үлес қосатын тәжірибе ретінде қарастырамыз, - деді әділет генерал-майоры Александр Драница.

   

Қазақстан мен Беларусь сарапшылары халықаралық ынтаымақтастықты нығайту әскери тәртіп пен құқық тәртібін қолдау ісінде маңызды роль атқаратынын атап өтті.

   

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
298
0