Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов42 подписчика
Всяко-разно
0
03:55, 15 июля 2013

07.07.2013 ж

07.07.2013 ж

 

8-күн

 

Бұл күні біз Қарағандаға жол тарттық. Жолда Репрессия құрбандарын еске алуға арналған Долинка селосындағы мұражайға соқтық. Дәл сол жерде еңбекпен түзету колониясы болмаған, дәл сол жерде қинап, зорлап, ату жазасына кеспеген. Бірақ, сол жерде сол репрессия кезіндегі болған жағдайларды көзге сипаттап беретін экспонадтар орналасқан. Тек сол қуыршақтарды көріп, шын оқиғаны көзге елестету қорқыныш туғызатын секілді.

 

Одан шығып, Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің асханасына барып, түскі ас іштік. Содан соң Қарағандыға экспедиция барысымен барған Семей қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары, Қарағанды Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары арасында сынға, спартакиадалық ойындарға қатыстық. Сол ойынға 7-ші айдың 7-ші жұлдызында арнайылап алыс Астанадан  ат терлетіп барғаннан болар 1-ші орынды біз иелендік. Бәлкім, кім біледі, 7 деген қасиетті санға байланысты болған да шығар...

 

Сол жеңісті тойлап автобусымызбен Астанаға қайттық.

0
234
0