Стихи

Shakenova 2013 M07 15
574
0
0
0

Жүрек үні (2008ж) Өткізем бір сен деп, Күнім мен түнімді. Жүрегім, жүрдің көп, Шығармай үніңді.   Ақыры сырыңды, Аштың ғой баршаға. Жеткіздің сезімді, Сен сол бір адамға.   Сыр Айта алмаймын жүрек...

Жүрек үні (2008ж)

Өткізем бір сен деп,

Күнім мен түнімді.

Жүрегім, жүрдің көп,

Шығармай үніңді.

 

Ақыры сырыңды,

Аштың ғой баршаға.

Жеткіздің сезімді,

Сен сол бір адамға.

Сыр

Айта алмаймын жүрек сырын жеткізіп,

Қалдырғандай сол сыр мәңгі бір сызық.

Айта алмаймын оны тілден өткізіп,

Кім білген дүние толы көп қызық.

 

Ұқтың-ау деймін, айтпас сырды өзің де,

Үндемейсің, үн қатпайсың сен неге?!

Сенен де сезем сол лебізді мен кейде,

Еркіндік жоқ, алайда, бұл сезімге..

 

Оцените пост

0
Дальше