Қыздарым! Cендерге айтарым:

Толеген Байгулов 2013 M07 14
856
0
1
0

Жандарыңда жүрген жігітті ақылмен, әдептілікпен, сыпайы мінезбен, сүйкімді назбен тізгіндей біліңдер. Жігіттің жұлқынған асау жүрегін адамгершілік асыл қасиеттермен бұйдалаңдар, арақ ішкізбеңдер...

Жандарыңда жүрген жігітті ақылмен, әдептілікпен, сыпайы мінезбен, сүйкімді назбен тізгіндей біліңдер. Жігіттің жұлқынған асау жүрегін адамгершілік асыл қасиеттермен бұйдалаңдар, арақ ішкізбеңдер. Айқайға жуытпаңдар. Ақыл анадан тарайды. Қыздан қылық, тәрбие, тәлім туындайды. Жігіт жаныңда жүрсе жолдасың, жауға шапса жолбарысың, ортада жүрсе орманың, шетке шықса қорғаның. Бірақ оларды жұрт көзінше сүйісіп, сүйкеніп тұруға үйретпеңдер! Оларды жарбаңдатып, жабыса құшақтатпаңдар, адамның асыл сезімін ардақтап, бүркеп, қымтап ұстауға баулыңдар. Олардың нәпсісінен намысын биік ұстауға тәрбиелеңдер. Өмірдің ләззаты адал достыққа, айнымас қамқорлық, асыл махаббатта екенін естен шығармаңдар.

Әзілхан Нұршайықов

Оцените пост

1