Алтыншы күн

LyazzatS 2013 M07 16
320
0
0
0

Бүгін біз әдеттегідей сағат жетіде емес,одан ертерек тұрдық.Себебі,бүгінгі біздің экспедициямыздың маршруты-Ерейментау ауданын көрсетті.Ал, Ерейментау қаладан ұзақ қашықтықта орналасқан аудан болып...

Бүгін біз әдеттегідей сағат жетіде емес,одан ертерек тұрдық.Себебі,бүгінгі біздің экспедициямыздың маршруты-Ерейментау ауданын көрсетті.Ал, Ерейментау қаладан ұзақ қашықтықта орналасқан аудан болып табылады.Бұл жер алыс болса да біз уақыттың қалай тез өткенін байқамай қалдық.Себебі,бүгін экспедиция мүшелерінің бірі-Ернұр деген баланың туған күні болғандықтан,біз жол бойы оған тілектерімізді айтып,өз өнерлерімізді көрсеттік.Осылай уақытты қызықты өткізіп,біз Ерейментау жеріне де жеттік.Бұл жерде біз Бөгенбай батыр атындағы тарихи-өлкетану мұражайын тамашаладық.Ерейментау тарихи-өлкетану мұражайы 1991 жылдың 28 шілдесінде Бөгенбай батырдың 300 жылдығы құрметіне ашылған.Бізге бұл мұражай тарихымен таныстырған-біздің экскурсовод Сайлау ағайымыз болатын.Ең қызықтысы-соңында ол осы мұражайдың директоры болып шықты.Бұл мұражай 4бөлмеден тұрды.Олар:

1. өлкеміздің өткен өмірі және табиғаты мен жануарлар дүниесі;

2. қазақ халқының тұрмысы мен қолөнері;

3. батырлар залы;

4. аудан тарихы.

Мұражай 1948 жылы салынған төрт пәтерлік үйдің жартысын алып, 14 жылдай елге қызмет көрсеткен. 2005 жылдан бастап жөндеу жұмыстары басталып, 15 желтоқсанда жаңарып, кеңейіп қайтадан жұмысқа қосылған екен.Мұражайда біз көптеген батыр бабаларымыз туралы біліп,олардың қолданған қаруларын тамашаладық.Өз қорымызға көптеген мәлімет жинақтадық.Мұражайды аралап болған соң біз Бөгенбай батырдың ұрпақтарының бірінің үйіне бардық.Біз бұл жерде Абылай хан тұсындағы батыр,атақты қолбасшы- Бөгенбай батырдың дулығасын ұстап көрдік.Дулыға темірден жасалғандықтан өте ауыр болды,бірақ,оның ауырлығына қарамай барлығымыз сол дулығаны бір-бірлеп киіп көрдік.Содан соң,Бөгенбай батырдың ұрпағы оған бұл мұраның қалай жеткенін,оған қандай сұраныстар түскенін баяндап берді.Осындай тарихи маңызды жерлерді тамашалап,қалай кеш таяп қалғанын да байқамай қалдық.Автобусқа мініп,қайта қалаға жол тарттық.Бүгінгі күн де,алдыңғы күндер секілді өте қызықты өтті.Және де  бүгінгі күннің арқасында біздер тарихымызды тереңірек танып-білдік.Осылай,бүгінгі күннің қызығы аяқталды.Келесі күнді тағатсыздана күтемін!

5.07.2013   22:30

Біздің ГИД-Сайлау Қабыкенұлы,
Бөгенбай батыр атындағы тарихи-өлкетану мұражайының директоры

 

Бөгенбай батыр атындағы тарихи-өлкетану мұражайы


Оцените пост

0
Дальше