Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
13:56, 12 июля 2013

«Туған елге тағзым» экспедициясы үшінші күн

02.07.2013ж

Бүгінгі күнгі экспедицияны біз "Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағатына" барумен бастадық.Сол бір аз уақыттың ішінде біз көп нәрсені көрдік,естідік,білдік.Маған ең қатты бұл Астана туралы видеороликтер,презентациялар.Содан кейін көрмедегі құжаттарды,суреттерді көрдік.Соңында мұрағаттың директорымен фотосуретке түстік те шықтық.

Blog post imageBlog post imageBlog post image

Мұрағаттан кейін Сәкен Сейфуллиннің музейіне келдік.Мені қызықтырғаны бұл Сәкен Сейфуллиннің жеке заттары:әтірі,қаражаты және де бөлмесі.Оған үңілсең Сәкен Сейфуллиннің өмірі елестетеді.Сол бөлмеде не істегені,не қылғаны туралы ойға шоласың.

Ол ғана емес,Бейбітшілік үйі де маған шексіз ұнады.Оның ішінде зал да болды,4д кинотеатр да болған.Көрменің өзі үлкен шеберлік.

"Пирамида" ғимараты.Ондағы маған ұнағаны бұл көрермендерге арналған зал.Өйткені бұл залда сахнаны бірінші қабаттан да,екінші қабаттан да тамашалауға болады.Біз бұл ғимаратта тек экспедиция жасамай,топ болып әсем де ерекше фотосурет жасадық.Біз қоршаған жүрек жасадық.Ал жүректің ортасына сол жерде некелері қиылған жастарды алдық,оларға өшпейтіндей естелік қалдырдық.

Келесі барған жеріміз бұл "Бәйтерек" монументі.Мен оның ішінде болғам.Меніңше еш өзгермеген.Сондықтан жаңа әсер алдым деп айта алмаймын.Сонымен қатар біз қасиетті орын мешітке  де соқтық.Бұл "Хазірет Сұлтан" мешіті - Қазақстандағы көлемі бойынша бірінші орын алатын мешіт.Оны түріктер салған екен.Blog post image

Сондықтан оның әр түрлі мүмкіндіктері бар:лифт,аяқ киімге арналған сөре,арнайы киім,неке залы(2),білім беруге арналған кабинеттер,душ және заманауи жабдықтар.

Мешіт жалпы  ақ мәрмәр тастан жасалған.Сол үшін де маған бұл мешіт қатты ұнады.

Кешкі асқа барып келгеннен кейін қалайтындар "Ханшатыр" орталығына барды.Біреулері киім алды.Өйткені Астананың соңғы кезде ауа райы өте суықтап кетті.Ал басқалары неше түрлі қызықты аттракциондарға барды.Менің ойымша "Ханшатырға" барғандардың бәрінің де көңілі толды.

Осылайша біздің Астанадағы ең әсем де қызықты ғимараттарда қыдыруымыз,экспедициямыздың үшінші күні аяқталды.

 
0
954
0