«Туған елге тағзым» (5-күн)

Альбина Абуова 2013 M07 12
280
0
1
0

4 шілде,2013 ж. Сәлеметсіздер ме,блог - қатысушылар!!! Мен тағы да өзімнің экспедициямен сіздермен бөліскім келіп тұр. Бүгінгі күнді айтатын болсам,бүгін біз Родина деген ауылға аттандық. "Родина"...

4 шілде,2013 ж.

Сәлеметсіздер ме,блог - қатысушылар!!!

Мен тағы да өзімнің экспедициямен сіздермен бөліскім келіп тұр.

Бүгінгі күнді айтатын болсам,бүгін біз Родина деген ауылға аттандық.

"Родина" атты сүт зауытына жол тарттық. Ең алдымен,зауыттың бас директорымен кездестік. Директордан сұхбат алдық. Содан соң, негізгі сүт зауытына жол тарттық. Маған бұл жердегі тазалығы қатты ұнады.Сүт зауытына менің алғаш баруым еді.Мені қызықтырды. Зауыт ішіне кірген соң,біз сыртынан жұмысшылардың қалай сүт дайындап жатқанын,өңдеп,тазалап жатқанын өз көзімізбен көріп,тамашаладық.Жалпы мекемеде 20 жұмысшы жұмыс жасайды екен.Олардың сүт өнімдері өте дәмді. Оны қалай білемін десеңіз, олар бізге сүт өнімдерімен бөлісті.

Сонымен, біз қайта жолға шықтық. Келесіде біз Бөгенбай батырдың ұрпағының үйіне жолықтық. Мені тағы да қызықтыра түсірді. Ұрпағында ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып сақталған Бөгенбай батырдың дулығасы сақталып қалған екен. Дулығаны аталары сеніммен қалдырған екен. Сондықтан, оны мұражайларға жібермеген екен. Өйкені,бұл аса құнды жәдігер.Сөйтіп, осы дулығаны көріп,ұстап, ағамызға алғысымызды білдіріп қайттық.
Сонымен,біздің 5 - күніміз осымен аяқталды. Әлі де қызықты экскурсиямыз алда!!!)

Көріскенше!!!

Оцените пост

1