• 7781
  • 0
  • 1
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Үшінші күн

Сәлем,достар!"Туған елге тағзым" атты экспедициямыздың үшінші күні біз көптеген жерлерге бардық.Бір күннің ішінде біз 7 мекемеде болып үлгердік.Экспедициямызды бірінші- ҚР Ұлттық мұрағатынан бастадық.Бұл мұрағат - қоғамның рухани, мәдени, ғылыми, әлеуметтік - құқықтық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында Қазақстан халқының тарихи-мәдени құжаттық мұраларын сақтайтын мұрағат болып табылады.Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қолдауымен 2002 жылы 12 желтоқсандағы № 01- 8.15 тарихи хаттамалық шешімімен Ұлттық мұрағат ғимараты 2003 жылы Астана қаласында салынатын мемлекеттік нысандар тізбесіне енгізілді.Бұл ТМД-ға елдеріне халықаралық стандарттар мен талаптарға сай жоғары технологиялық мұрағаттық құралдармен жабдықталған бірден – бір мекеме болып табылады.Содан соң, қазақ совет әдебиетінің негізін салушылардың бірі, ақын, қоғам, мемлекет қайраткері-С.Сейфуллиннің атындағы тарихи-өлкетану музейінде экспедициямызды жалғастырдық.Бұл жерде мен сүйіп оқитын ақыным туралы көптеген жаңа мәліметтер білдім.Бұл музей 1984 жылы ашылған.Музейде С. Сейфуллиннің жеке заттары, әдебиет шығармашылығы, ұлттық қолданбалы өнер бұйымдары, зергерлік бұйымдар, өлке тарихының байланысты алғашқы темір жол құралдары бар,аудан тарихының материалдары, белгілі ғалымдар, ақындар туралы мәліметтер де кездеседі.Кейін біз Тәуелсіздік сарайын тамашаладық.Тәуелсіздік Сарайы - мемлекеттік ресми іс-шараларды, форумдарды, мәжілістерді, кездесулерді, съездерді өткізу орны болып табылады.Ғимараттың сыйымдылығы, техникалық жабдықталуы, жайлылығы іс-шараларды жоғары халықаралық деңгейде өткізуге және көрсетуге мүмкіндік береді.Бірінші қабатта біз ең үлкен конгресс холлды тамашаласақ,ал екінші мен үшінші қабатта 49 орындық 4D кинотеатрда астана тарихы туралы фильмді тамашалап,неше түрлі көркем өнер туындыларына куә болдық.Тәуелсіздік сарайынан кейін біз бағытымызды-Хазрет Сұлтан мешітіне бұрдық.Бұл жерде біз ата-бабаларымызға Құран бағыштатып,осы мешіт ішін араладық.Бұл дәстүрлі ислам стилінде салынған ғибадат үйі-Бейбітшілік және келісім, Тәуелсіздік сарайлары мен «Қазақ елі» монументі сынды айбынды нысандармен іргелес орналасқан.Рухани орын 13 га жерді алып жатқан аумақта орналасқан, ме­шіт­тің жалпы аумағы 17, 7 мың шаршы метрді құрайды.Мешіт жобасы қазақтың дәстүрлі ою-өр­нектері мен ұлттық нақыштағы сәндік элементтері қолданыла отырып, классикалық ислам үл­гісінде орындалған.Ең қызығы-бұл мешіт мемлекет есебінен емес, адамдардың қосқан қаражатының есебінен салынған мешіт болып табылады.Бейбітшілік пен келісім сарайы-біздің экспедициямыздың бесінші бағыты болып табылады.Бейбітшілік пен келісім сарайы – архитектуралық құрылыс кешені, сәулет өнерінің бірегей туындысы болып табылады. Пирамида іспетті етіп тұрғызылған сарай 2006 жылы 2 қыркүйекте салтанатты түрде ашылды. Оның табан қабырғасының ұзындығы 62 м; ауданы 25,5 мың м². Ғимарат ағылшын архитекторы Н.Фостердің жобасымен салынған.Ғимарат экстерьері пирамида түрінде болса, сарайдың орталық күмбезді залы Нью-Йорк қаласындағы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің холлы тәрізді етіп салынған.Бұл сарайда: Қазақстан халықтары ассамблеясы, ұлтаралық және дінаралық келісім орталығы, мұражай, университет, 1,5 мың орынды опера залы, кең орталық атриум мен қысқы бақ орналасқан.Осындай керемет кешендерден кейін,біз "Бәйтерек" монументін тамашаладық.Бәйтерек – Астанадағы архитектуралық құрылыс кешені, сәулет өнерінің бірегей туындысы,Елорданың ең көрнекті ғимараттарының бірі.Есіл өзенінің сол жағалауында бой көтерген зәулім Бәйтеректің биіктігі 97 м (Астана қаласының елорда статусына ие болған жылға байланысты таңдалған), диаметрі 27 м.«Бәйтерек» нысаны үш бөліктен тұрады; жер асты бөлігі ұлттың тамыр жаюы, ал одан кейінгілері өркендеу кезеңдерінің нышандарын білдіреді. Ең жоғарғы жағында «Аялы алақан» композициясы орын тепкен.Біз осы «Аялы алақан» композициясына өз қолдарымызды қойып,өз тілектерімізді айттық.Содан соң,біз соңғы бағытымызды-"Хан-Шатыр" ойын-сауық және сауда-саттық орталығына бұрдық.Бұл орталық-2010 жылы 6-шілдеде Астана күніне орай ашылған.Хан Шатыр, әлемдегі шатыр түрді құрылыстардың ең орасан зоры болып, және Қазақстандағы сауда орталықтарының  ең үлкені , әрі бірегей сырт пішінімен айшықталады.Құрылыс нысанының металл қаңқасы – 2300 тонна, шатырдың биіктігі – 150 метр,ал  ішкі көлемі 110 мың шаршы метр аумақты алып жатыр.Бұл сауда және ойын-сауық орталығында ең үлкен қалалық бақ, ірі сауда орта­лық­тары, кинотеатр, концерт залдары бар. Сонымен бірге ғимараттың барлық қабаттарында дәмханалар мен мейрамханалар орналасқан. Орталықтың ішінде тропикалық бақтар, гүлзарлар, субұрқақтар бар. Балалардың тамаша демалысы үшін биіктігі 7 және 4 метрді құрайтын су сырғанақтары жабдықталған.Ғимараттың сәулетшісі, сәулет өнерінің шебері - Норман Фостер.Осылай біз күні бойы Астана қаласының мақтан тұтар кешендерін көріп-білдік.Сол арқылы еш бір шет ел қалалары Астанаға жетпейтініне тағы бір рет көз жеткіздік деп ойлаймын!

2.07.2013  23:00

ҚР Ұлттық мұрағаты

С.Сейфуллиннің атындағы тарихи-өлкетану музейі


Тәуелсіздік Сарайы

Хазрет Сұлтан мешіті

Бейбітшілік пен келісім сарайы

Бәйтерек

"Хан-Шатыр" ойын-сауық және сауда-саттық орталығы



   
LyazzatS
12 июля 2013, 20:25
3846

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Мой дом – не гостиница. Я не останавливаюсь у своей родни, потому что знаю, что это такое

Мой дом – не гостиница. Я не останавливаюсь у своей родни, потому что знаю, что это такое

Наступил долгожданный момент и мы смогли заселиться в собственную квартиру. А потом началось... Все знакомые, родственники, даже коллеги и соседи родителей вспомнили о нашем существовании.
Idealovnet
14 окт. 2017 / 20:38
  • 8759
  • 82
Работа на EXPO. «Улыбайтесь, вы – лица Казахстана»

Работа на EXPO. «Улыбайтесь, вы – лица Казахстана»

Продление перерывов, втыки от менеджеров, борьба за стенды, кучкования, как мы друг-друга прикрывали, защищали от гостей. Все эти события доставляли радость, и каждый день на работу я приходила...
madiNAtty
14 окт. 2017 / 22:34
  • 6064
  • 23
Я четко помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж»

Я четко помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж»

У нас была особенная атмосфера, мы постоянно были вместе, читали треки, летом часто поднимались в горы. Гуляли пешком по ночному городу, иногда до утра. Снимали хату и представляли совместную жизнь...
Dominator-kz
14 окт. 2017 / 22:29
О проститутках, ЗППП и других сексуальных страстях

О проститутках, ЗППП и других сексуальных страстях

У меня обширный сексуальный опыт, и я этим не хвастаюсь. Будь у меня возможность, променял бы это всё на одного партнёра. Но так как с личной жизнью не заладилось, а секс я очень люблю, то приходилось изворачиваться.
bez_prav
18 окт. 2017 / 18:01
Отчего в Казахстане предвзятое отношение к отечественному продукту?

Отчего в Казахстане предвзятое отношение к отечественному продукту?

Вы когда-нибудь пользовались казахстанской косметикой? Я тоже нет, поэтому сразу же откликнулась на приглашение своего фейсбук-френда протестировать отечественные крема… из Степногорска.
Shimanskaya
16 окт. 2017 / 11:32
  • 2714
  • 30
Я помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж». Часть 2

Я помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж». Часть 2

Я знал дату свадьбы. За неделю до свадьбы в соцсети "Вконтакте" на все мои последние фото, был проставлен лайк с её профиля. Сердце забилось сильнее. В душе загорелась наивная, крошечная надежда.
Dominator-kz
17 окт. 2017 / 15:41
«На пути к успеху всей семьей»: как супруга Кайрата Нуртаса наконец вышла в свет

«На пути к успеху всей семьей»: как супруга Кайрата Нуртаса наконец вышла в свет

Зачастую казахские селебрити выходя в свет, привлекают внимание и обьективы камер только к своей персоне, оставляя свои вторые половинки в тени неизвестности.
gulshat87
13 окт. 2017 / 17:56
  • 2110
  • 6
Мой парень – «тиран». Почему я вступила в такие отношения?

Мой парень – «тиран». Почему я вступила в такие отношения?

История из моей жизни. Я вспоминаю эти отношения и сама не могу понять - как так произошло? А дело в том, что вы и сами не заметите. Это наступает плавно и динамично.
Altynai_JA
18 окт. 2017 / 14:17
«Автобусная неделя». Выдержит ли аким Шымкента давку в общественном транспорте?

«Автобусная неделя». Выдержит ли аким Шымкента давку в общественном транспорте?

Аким Шымкента Габидулла Абдрахимов нашёл решение накопившихся проблем городского транспорта. Все ключевые работники акимата некоторое время будут сами ездить на автобусах.
openqazaqstan
18 окт. 2017 / 10:53
  • 1593
  • 29