Тбиғатты қорғау қажет

Жалпы табиғатты қорғау деген мәселе қолыңа мылтық алып, орманды қорғау емес. Табиғатты қорғау деген-қазақтың байырғы өзінің ұлттық дәстүріндегі табиғатты аялау, оны сүю, жастарды табиғаттың...

Жалпы табиғатты қорғау деген мәселе қолыңа мылтық алып, орманды қорғау емес. Табиғатты қорғау деген-қазақтың байырғы өзінің ұлттық дәстүріндегі табиғатты аялау, оны сүю, жастарды табиғаттың болмысына, заңдылығына үйрете отырып, табиғат байлығын қорғауға жөне оны тиімді пайдалануға үйрету. Экологиялық білім мен тәрбие берудің мақсаты да сол - жеке адамның бойында табиғатқа деген ізгілік пен ұлттық әдет-ғұрыптарды қалыптастыра отырып адам-қоғам-табиғат арасындағы толық үйлесімділікті қалыптастыру және дамыту. Экологиялық білімді оқушылардың санасына, ой-өрісіне, дүниеге деген көзқарасына қоршаған табиғи ортаның өзі мен қоғам үшін қажеттілігін сезіндіре отырып қана сіңіру керек. Экологиялық білім берудің түп негізі отбасынан басталады. Өкінішке карай, аға ұрпақтың санасезімінде табиғат ресурстарына деген көзқарас мүлдем басқаша болып келді. Ол олардың табиғатқа "байлық көзі немесе табыс көзі" ретінде қарауы. Осы кері әдеттен жас ұрпақтың бойы ада-күде болуға тиіс. Қысқасы, экология ғылымы табиғатты тиімді пайдалана отырып, оның заңдылығын бұзбауға үйретеді. Заңдылығы деген не? Ол-жердің беткі қабаты-литосфера, оның үстіндегі гидросфсра, оның жоғарғы қабатын құрайтын - атмосфера, осы үшеуінің ара қатынасындағы биосфера - тіршілік қабаты. Осы үшеуі бір-бірімен үйлесімді ұштасып жатқан уақытта ғана жер тозып, ауа ластанбайды. Мен мысалы, Финляндияда болдым, онда тал тұрмақ бір бұтақ кестірмейді. Базардың өзін олар тазалық үшін уақытша пайдаланады. Яғни біздегідей тұрақты орны жоқ.
Экология қазақ үшін тың нәрсе емес, ол біздің салт-дәстүрімізде бар, бұл ананың ақ сүтімен беріліп келген, туған табиғатыңды қорғап қастерлеуге негізделген ғылым. Сәкеннің "Көкшетауын" алыңыз. Қалай мадақтайды тау-тасын, жер-суын, міне, "көк шөпті баспа", "суға түкірме" деп үйреткен, "ботам", "құлыншағым", "қошақаным" деп еркелеткен. Жерін жұтатпас үшін әр маусымға орай жайлау, күзеу, қыстауға көшіп-қонып жүрген. Көшкен жұртында бір түйір көлденең зат тастамай, ошағын тегістеп, қазығын қалдырмай кеткен. Мұның бәрі табиғатпен етене өскеннің арқасы. Мұны мен жаңа бағыттағы ғылымда этноэкология деп атадым.
Қазіргі таңда экология мөселесі атом қаруынан да қауіпті. Себебі экология қазір ғаламдық проблемалық сипат алып отыр. Кез келген өркениетті ел өзінің экологиялық мөселесін шешуде ең қауіпті деген экологиялық апатты аймақтарын БҰҰ-ның алдына мәселе етіп қояды. Біздің елімізден Елбасы БҰҰ-ға Арал мәселесін қойып отыр.

Оцените пост

0