Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
04:41, 12 июля 2013

КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАН СОТТАЛУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН ЗАҢДЫ МҮДДЕЛЕРІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӘНЕ БАСТЫ СОТ ТАЛҚЫЛАУЫНЫҢ ТӘРБИЕЛІК ЫҚПАЛЫН ЖОҒАРЫЛАТУ ЖОЛДАРЫ

Кәмелетке толмағандардың арасындағы қылмыстылықты ескеру бойынша судиялардың ерекше рөлі анық. Кәмелетке толмағандардың қылмысы туралы қылмыстық істердің соттарда қаралуы, сонымен қатар, балалардың құқықтары мен мүдделерін, қылмысты болдыратын жағдайлардың себептерін анықтау мен жою, нақты қылмыстық іс бойынша жеке белгілерді шығару соттың міндеті болып табылады.

Кәмелетке толмағандардың қылмыстарын ескерту мағынасын тек олардың тәрбиесін ата-анасы мен оның тәрбиесіне жауаптылар ғана емес, сондай-ақ сот талқылауына қатысушыларға да тәрбиелік әсерін тигізу. [1]

Жариялық қағидасына сүйене отырып – сот отырыстары ашық түрде жүргізіледі, ерекше жағдайларда сот отырысы жабық түрде, соттың арнайы шешімі бойынша жүргізіледі. Сол ерекше жағдайлардың бірі – кәмелетке толмағандардың ісін сотта қарау болып табылады.

Басты сот талқылауы – қылмытық іс жүргізудің шешуші сатысы болып табылады. Осы сатыда қылмыстық процестің барлық міндеттері орындалады. Сот қылмыстық істі мән-жәйі бойынша қарап, оны шешіп, өз үкімінде әр іс бойынша негізгі айыпталушының кінәлілігін немесе кінәсіздігі туралы сұрақты шешіп, оған қолданылатын жаза түрін анықтайды.

Кәмелетке толмағандардың немесе олардың ата-анасының жұмысы және оқу орны бойынша сот талқылауын өткізу кәмелетке толмағанды өзіне, оның ата-анасына басқа тұлғаларға, сонымен қатар, жастардың тәрбиесіне жауапты адамдарға үлкен тәрбиелік әсерін тигізеді. Осы уақытта кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы барлық істер бойынша кәмелетке толмағандардың жұмыс орнына баруының мүмкін еместігін білу керек. Сот осы мәселені шеше отырып, сотталушының жеке басын және жасаған қылмысының сипатын ескерту қажет. [2] кәмелетке толмағандардың жұмыс орнында процесті өткізу,  істі тыңдаушылардың орны мен аудиториясын таңдауы үлкен мағынаны білдіреді. Судьяның басты сот талқылауы кезінде істің мән-жайы туралы қорытындысымен прократура осы мәселе бойынша өзінің ойын білдіруге міндетті.

 
0
957
0