КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ НЫСАНДАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ

Егемен Қазақстанымыздың қазіргі кезеңде ұлттық мәдениеттердің көне үлгілерін заман талабына сай қайта жаңғыртып, жас ұрпақ тәрбиесіне қолданып, жоғары оқу орындарында болашақ педпгогтарды дайындау...

Егемен Қазақстанымыздың қазіргі кезеңде ұлттық мәдениеттердің көне үлгілерін заман талабына сай қайта жаңғыртып, жас ұрпақ тәрбиесіне қолданып, жоғары оқу орындарында болашақ педпгогтарды дайындау жүйесіне енгізу жаңа ізденістерді қажет етеді. Демократияның қанат жайып көркеюінің басты кепілі – құқықтық мәдениетінің жан-жақты дами түсуі.

Қазіргі біздің қоғамымыздың басты талабы – мемлекеттік және халықаралық денгейге сай, бәсекеге төтеп бере алатын, жан-жақты, адамгершілік-этикалық нормаларды меңгерген, отансүйгіз, патриоттық сезімде тәрбиеленген ұрпақтар тәрбиелеу.

Құқытық мәдениетті қалыптастыру-үйлесімді тәрбиені білім беретін оқу орындарында пайдалану, оны жетілдіру, өзге тәрбие нысандарымен байланыстыра отырып, оқушылардың құқықтық санасын қалыптастыруда, олардың қоғам алдындағы жауапкерсілігін арттыруда қолдану басты іс болып табылады. [1, 10 б.]

Нарықтық экономикаға өтуге байланысты жаңа заман қажеттілігіне сай қазіргі ақпараттық және жаңа технологияларды өз бойына жинаған жоғары білікті оқушылар даярлау ісі құқықтық білім беру және құқықтық тәрбиемен ұштасып жатыр.

Сондықтан да қазіргі кезде құқықтық мәдениеті жоғары білімді оқушылар тәрбиелеу және қалыптастыру ісі кезек күттірмей атқарылатын мемлекеттік маңызды шаралардың қатарында тұр. Жас тәуелсіз мемлекетіміздің алдында ертеңгі күні айқын, мәдениетті және тәрбиелі ұрпақты қалыптастыру міндеті тұр.

Мектеп оқушыларының құқықтық мәдениетін қалырптастыру мәселелері осы уақытқа дейін зерттеліп келе жатқан тақырыптардық қатарына жатады. Бұл мәселе көптеген ғалымдардың ден коюын біз жалпы мектеп оқушыларының құқықтық мәдениетін қалыптастыру қоғам дамуының талап-тілектеріне сәйкес өзгеріп отыратын құбылыс екендігімен түсіндіре аламыз.

Оқушылардың құқықтық мәдениетін жетілдіру бағытында атқарып жатқан іс-әрекеттердің маңызы мен мәнін саралау, оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруда құқықтық тәрбиенің атқаратын рөлі, оқушылардың құқықтық мәдениетінің қалыптасу құрлымы мен даму кезеңдері зерттеудің нақты оьектісін айқындайды.

Берілген зерттеу мақсатында мектеп оқушыларының құқықтық мәдениетін өмірдің дербес құбылысы есебіндегі, мектеп оқушыларының құқықтық мәдениетін көтеру ісіндегі оқушылардың құқықтық санасының қалыптасуы мен оған ықпал ететін қозғаушы күшердің деңгейін анықтау қарастырылған. Мектеп оқушыларының құқықтық өмірдегі рухани бастауларын зерттеп-зерделеп, оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруда салт-дәстүрдің тигізетін ықпалын, оның адами құндылықтарын, бағыт-бағдарын айқынауымыз керек. Сонымен қатар, мектеп оқушыларының құқықтық мәдениетінің астарының негзгі құрамдас бөліктерін жіктеу, олардың жеке-жеке орнын, өзара байланысын, қатынасын сарапқа салып, оқушылардың шешендік өнері мен құқықтық мәдениет арасындағы тамырластың төркініне көз жүгіртуіміз қажет.бұдан басқа да көптеген атқарылатын іс-шаралар бар. Мысалға, мектеп оқушыларында құқықтық мәдениетті қалыптастырудың нысандары мен әдіс-тәсілдерін саралап, мектеп оқушыларының құқықтық сана-сезімінің қалыптастыруына ықпал ететін факторларды айқындап, зерделеуіміздің қажеттілігі бар.

Балалардың құқығын қамтамасыз етуді міндеттейтін халықаралық құжаттар бар. Қазақстанның халықаралық ұйымдардың дербес мүшесі болғандықтан халықаралық құжаттарда бекітілген құқықтарды орындауға міндетті.

 

Оцените пост

1