«Туған елге тағзым» (4-күн)

Альбина Абуова July 12, 2013
598
0
1
0

3 шілде,2013 ж. Тағы да бәріне сәлеем!!! Бүгінгі экспедициямыз тамаша өтті. Біз бүгінгі күнді Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінен бастадық.Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық...

3 шілде,2013 ж.

Тағы да бәріне сәлеем!!!

Бүгінгі экспедициямыз тамаша өтті.

Біз бүгінгі күнді Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінен бастадық.Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1996 жылғы 23 мамырдағы бастамасымен құрылды.

Ең алдымен, біз "Жазу тарихы" музейіне бардық.Бұл музей 2003 жылдың 18 қыркүйегінде салтанатты түрде ашылды.

"Жазба тарихы" музейінің басты мақсаты - көне түркі тілінен бастау алған алғашқы жазудың пайда болу тарихын көпшілікке жеткізу.Еуразиялық кеңістіктегі түркі халықтары қолданған жазу үлгілері - әлемдік мәдениеттің аса құнды мұралары. Музей экспозициясындағы жәдігерлер мен олардың фотоқұжаттық нақты көшірмелері түрколог ғалымдардың қажырлы еңбектері арқылы түркі жазу мәдениетінің кешегісі мен бүгінгісін жас ұрпақ санасына терең сіңіре отырып,Отанына деген патриоттық сезімін,өз ана тіліне, еліне деген сүйіспеншілігін арттырады.

8 - ғасырдағы Күлтегін ескерткіші - түркі халықтарының көне дәуірдегі ұзақ ғасырлық мәдени тарихының жемісі. Орхон ескерткіштері ішіндегі мазмұны мен көлемі жағынан ерекше саналатын көне түркі жазбаларының бірі. Жазбада тарихи оқиға баяндалады.Ескерткіш Монғол Халық Республикасының астанасы Улан-Батордың батысындағы 400 километрге жуық жердегі Көкшин Орхон өзені бойындағы Қошо-Цайдам ойпатындағы Қарабаласағұн деп аталатын ескі қорғанның 40 км. Солтүстігіндегі Эрдени-Цзу монастыры маңында орналасқан. Оны алғаш тауып,ғылым әлеміне мәлімдеуші- орыс ғалымы Н.М.Ядринцев. Күлтегінге арналған ескерткіш пирамида тәрізді. Оның биіктігі 3,15, ені 1,24, қалыңдығы 0,41 м. Ескерткіштің жоғары жағы бес бұрышты. Оның қырларында айдаһардың суреттері мен қаған таңбалары бейнеленген. Екінші жағында ескерткіштің орнатылған күні - 10тамыз,732 жыл деп жазылған.

Ескерткіш бетіндегі қытай жазуы 732 жылы қытай императоры Хиуен-Цунг тарапынан берілген.Түркологиялық әдебиеттерде ескерткіштегі 40 жол жазу "Үлкен жазу" деп, ал 13 жол жазу - Кіші жазу деп аталады. Кіші жазу,сол үлкен жазуға кіріспе түрінде.

 

Көне Түркі жазуының құпиясын ашқан - даниялық ғалым Вильгельм Томсен (1893 жылы). Кейін оны орыс түркітанушылары аударып, көп зерттеді. Оған ғасырда Түркі елдерінің ғалымдары - Татар, Өзбек, Түрік, Қазақ, Әзірбайжан елдерінің зерттеушілері қосылды. Кейде "руна жазулары" деп аталады. Оның себебі жазудың құпиясы ашылмай тұрғанда, бұл жазулар бір қарағанда ежелгі скандинавия халықтарының жазбаларына ұқсайтын еді. Алайда ғылыми зерттеулер Түркі жазулары екенін анықтады. Томсеннің ең алғаш рет оқыған сөздері "түрк" және "теңрі" екен.

   

Я верю в нашу молодежь. Уверен, ваши знания, ваша энергия и ваш труд будут работать на построение сильного и процветающего Казахстана.

Н.А.Назарбаев

Еуразия қос құрлығында жүздеген,тіптен мыңдаған тас ұстындарға мәңгі өшпестей болып қашалған байырғы түрктердің бәдіз/рун/жазба мұралары адамзат өркениетіндегі ең асыл айғақтардың бірі. Бұл ескерткіштерді төл мұрасы ретінде исі түрк халықтарымен бірге қазақ халқы да  орынды мақтан тұтады. Біздің ұлы бабаларымыз Бумын,Естеміс,Құтлұқ,Қапаған,Білге сияқты қағандардың,Тонықұқ,Жолығ Тегін сияқты ақылгөй даналардың ,Күлтегін сияқты ұлы қолбасша батырлардың есімдері сол замандағы әлемнің небір айтулы тұлғаларының есімдерімен әбден қатар тұра алады,олардың атқарған істері ешкімнің де атқарған істерінен артық болмаса, тіпті де кем емес. Ата - бабаларымыздың асқақ рухы ұрпақтан-ұрпаққа өнеге бола бермек.

Н.Ә.Назарбаев

 

"Жазу тарихы" музейінде көптеген экспонаттарды тамашаладық.Мысалы: Елтеріс Құтлұғ қағанның бас мүсіні.(б.з.693 ж.),В.Томсеннің ескерткіш бюсті,Қыш кірпіштегі жазу,Қыштағы араб графикалы жазу 19 ғ.,Несториан құлпытасы, Талас көне түркі 1-жазба ескерткіші,Күлтегін кешенінің кірпіші,т.б.

Бұл ғимаратта "Жазу тарихы" атты музейден басқа Л.Н.Гумилев атында музей бар. Бұл музей Л.Н.Гумилев өмірі,шығармашылығы,еңбектеріне арналады.

 

Л.Н.Гумилев- орыс ғалымы, тарих ғылыми докторы, география ғылыми докторы.Ол 1912 жылы 1 қазан айында Ресей, Царское селосында дүниеге келген.Этногенез пассионарлық теориясының авторы. Қазақстанның ежелгі тарихын жетік білген.

Лев Николаевич Гумилевтің мұражай-кабинеті 2002 жылдың қазанында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ базасында ректор М.Ж. Жолдасбековтың бастамасымен ашылған.Мұражайдың негізгі мақсаты - Л.Н. Гумилевтің өмірі және қызметімен танысу, еуразияшылдық идеясын кеңінен насихаттау мен тарату,белсендi азаматтық позиция тұрғысынан тәрбиелей отырып, студенттің мәдени, адамгершiлiк-эстетикалық, отаншылдық рухын дамыту, университет абыройын асқақтату. Мұражайдың негiзгі міндеті - Л.Н.Гумилевтiң өмірі мен қызметіне қатысты мұражай экспонаттарын зерттеуде және мұражайдың ғылыми қорын құрастыруды негiзге ала отырып жинақтау, сақтау жұмыстарын жүргізу; экскурсиялар, дәрiстер, семинарлар, мұражай сабақтары, ғылым және мәдениет қайраткерлерiнiң кездесулерi,түлектер кештерiн ұйымдастыру, университет қонақтарына таныстыру саяхатын өткізу, студенттермен,оқытушылармен, қызметкерлерiмен ғылыми-ағартушылық жұмыстар жүргізу және тағы басқа жиындарды өткізу.

2012 жылы Л.Н.Гумилевтің 100 жылдығы қарсаңында ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықовтың қолдауымен Е.С. Асылхановтың әзірленген және бекітілген дизайны бойынша мұражай-кабинет қайтадан қалпына келтірілген.

Осымен,біздер мұражайды тамашалап болған соң, "Отырар" кітапханасына жол тарттық.

Бұл мекеме негізі 1962 жылы құрылған. Музей-кітапхананың басты мақсаты мен міндеті — Еуразия кеңістігіндегі әлемдік өркениет жүйесіне белсенді араласып, білім, ғылым, мәдениет саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды үйлестіре жүзеге асыру, Қазақстан Республикасы саяси тарихы мен рухани және заттық мәдениетіне катысты дуние жүздік барлық көне қолжазбалар мен қолжазба кітаптарды, сирек кітаптар мен басылымдарды, заттай жәдігерлерді жинап, адамзаттың ежелгі өркениет дәстүрлерін жалғастырып, түркі өркениетінің гүлдену дәуірінің негізін қалаған Отырардағы рухани мәдениеттің үзіліп қалған дәстүрлерін қайта жаңғырту.Жалпы кітапханада  1 млн 500 жуық кітаптар,5 мыңнан астам қолжазбалар сақталған.Соңғы кітабы - ақын - жазушылардың өмірі жайлы "Қазақ" атты кітап.Мекеменің бас диреторы - Тұрсын Жұртбай(этнограф,ғалым). Мекеме ішінде ғалым Ақселеу Сейдімбекке арналған музей - кітапхана бар. Бөлімшеде 1278 кітап бар, әр кітап бетінде өзінің қолтаңбасы тұрған.

"Отырар" музей-кітапхана жүрегіме жылулық ұялаған секілді. Жақсы экскурсия өтті.

Осымен "Отырар" кітапханасымен бүгінгі күнгі экспедициямыз аяқталды.

Өте жақсы экскурсия болды деп ойлаймын.Барлық экскурсиядағы фото-суреттерді осы жерден http://vk.com/id170832043 таба аласыздар)))

Көріскенше)

Оцените пост

1