место в рейтинге
  • 744627
  • 45
  • 7
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Елдос Далабай: Табыс емес, ұлттық намыс үшiн күйесiң

– “Бейбiт 150 мың АҚШ доллары мен автокөлiктi алуға ғана келдi. Қола белбеу үшiн кiлемге шықпаған себебi сол” дегенге саятын пiкiрдi де құлағымыз шалды. Оларға айтарым көздегенiмiз табыс емес – ұлттық намыс!

 

Кеше Тараз қаласында облыстық спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатында екi спортзал кешенiнiң салтанатты ашылу рәсiмi өттi. Бұл шара барысында “Әмiр және Д” ЖШС-ның атқарушы директоры Ләззат Оңғарқызы “Қазақстан барысының” былтыр­ғы жеңiмпазы   Бейбiт Ыстыбаевқа “Тойота Ланд Крузер 200” автокөлiгiн сыйлады. Салтанатты шара кезiнде Бейбiттiң бапкерi Елдос Далабаймен сұхбаттасудың сәтi түстi.

 

– Ақты қаралап, я болмаса әдiлдiктiң ақ жолынан тайған жағдайды атамқазақ “Көрген көзiм жазықты” деп үш-ақ сөзбен шегелей салған ғой, – деп бастады әңгiмесiн Елдос Далабай. – Күнi кеше мәре­сiне жеткен Президент Нұр­сұлтан Назарбаевтың жүлдесi үшiн өткен үшiншi “Қазақстан барысы” турнирiндегi сорақылыққа бұдан басқа айтар дұрыс жауап аузыма түспей тұр. Биылғы “Қазақстан барысының” басталуына бiр ай шамасы қалғандаҚызылорда облысы, Қармақшы ауданында Тайымбек Көмекбаев атындағы турнир өткен. Сол жарыс­тың жартылай финалдықбәсекесiнде шығысқазақстандық балуан Мұхит Тұрсыновпен белдесiп, Бейбiт шынтағын сындырып алған болатын. Жиырма күндей гипспен жүрiп, дайындығымызға небәрi он шақты күн ғана уақыт бөлдiк. Тiптi жарақатқа байланысты қатыспай қаламыз ба деген де күдiгiмiз болды. Әйтсе де, былтыр Бейбiт “Қазақстан барысы” атанғаннан кейiн “Алла қаласа, әлi үш рет ұтамын” деген уәдесiнiң үдесiнен шығуүшiн “Абылайдың асында шаппағанда..” деп жарақатқа қарамай, белi­мiздi буып келген бетiмiз едi. Әлемдiк спортта кездеспеген ақылға қонымсыз сорақылықты бастан өткеремiз деген ой үш ұйықтасақ түске кiрмеген. Күйiнетiнiмiз, қазақ күресiнiң ережесi өрескел бұзылды. Мәселен, кiлем жетекшiсi, ұлт­тық және халықаралық дәре­жедегi төрешi Бақыт Жаңбырбаевтың өзi халық алдына шығып түсiндiрдi емес пе? Бел­десудi тiкелей эфирде жүр­гiз­ген өткен жылғы “Қазақстан барысының” күмiс жүлдегерi Шалқар Жоламанов та Шын­кеев дау шығарған сәтте: “Бұл жерде Ержан қателеседi. Мұндай жағдайда бүк ұпайы берiлмейдi. Егер Ержан тағы дауласатын болса, жарыстан шеттетiледi”, – дедi. Бiрақ қазақ күресiнiң бекiтiлген ережесi жайына қалды. Кез келген спортшы төрешiмен дау­ласпауы керек. Спортшы тарапынан төрешiге бiр ауыз қарсы пiкiр айтылса, қатаң ескерту жасалады, оған көнбесе, жарыстан шеттетiлуi тиiс. Бұл жарысты әлемнiң қанша елi тамашалады десеңiзшi. Олардың алдында өзiмiздi-өзiмiз масқараладық. Мысалы, барлық елдiң өз ұлттық ойын­дары бар. Олар төрешi­лердiңшешiмiне қарсы кел­мейдi. “Үмiтсiз шайтан” демей ме, осыған жауапты жоғарыдағы ағалардан күтiп жүрмiз. Бұлай болмаған жағдайда мұндайқитұрқы iс-әрекет келесi жарыстарда қайталанбасына кiм кепiл? Онда көп жанкүйер жинап алып, қазы­лар­ға айқайлатып қойып, жеңiстi бұра тартып ала бер­генiмiз елдiгiмiзге сын.

 

Күнi кешеге дейiн үлкен мәртебеге ие болған “Қазақстан барысының” ақтық сынына шығу оңай емес. Ол спортшы мен бапкердiңкемiнде он жылғы еңбегi, төккен терi ғой. Ал оны 20-25 минутта жоққа шығаруды спортшының сағын сындыру демеске шара жоқ.

– Спортшының сағын сындыру демекшi, “Бейбiт үлкен спорттақала ма?” деп жанкүйерлерден сауал көптеп жолданады бiзге.

– Нақты кесiп айта алмаймын. Спортпен бiржола қоштасуы да мүмкiн. Уақыт көрсетедi ендi. Бейбiт өзi: “Алла жар болса, биыл және келесi жылы “Қазақстан барысы” болсам, түпкiлiктi дзюдомен шұғылданамын. Бұйырса, 2016 жылы Рио-де-Жанейро олимпиадасында елiмiздiң Көк байрағын желбiретуге бар күшiмдi саламын”, – дейтiн.   Әрине, ақтықсынға Бейбiт пен Айбек шыққанда кiмнiң же­ңетiнi бiр Аллаға ғана аян. Бiрақ бiз жартылай финалдық кездесу аяқталғанда төре­шiлер Бейбiттiңқолын көтергенде екiншi мәрте “Қазақстан барысы” атанатынымызға сенiмдi едiк. Өйткенi Бейбiт Айбектi 2011 және 2012 жылғы “Қазақстан барысында” таза жеңгенi мәлiм. Ал артынша әлгiндей сорақы жағдай орын алып, ақтық айқаста Айбек пен Ержан белдесер алдында Нұғымаровтың жеңетiнiне iштей сенiмдi болдым. Олай дейтiнiм – Айбекөткен жылғы “Қазақстан барысында” және биылғы Петропавлда өткенҚазақстан чемпионатында Ержанды алып ұрған едi. Iшкi түйсiгiм алдамады.

 

Қола белбеу үшiн күресуге неге шықпадыңыздар?

–   “Бейбiт 150 мың АҚШ доллары мен автокөлiктi алуға ғана келдi. Қола белбеу үшiн кiлемге шықпаған себебi сол” дегенге саятын пiкiрдi деқұлағымыз шалды. Оларға айтарым көздегенiмiз табыс емес – ұлттықнамыс! Әдiлқазыларға деген өкпемiздiң қара қазандай болғанын кiлемге шығып дауласып көрсеткенше, белдесуден бас тарту арқылы наразылықтанытайық деп ұйғардық.

Бейбiт тек жерлестерi үшiн ғана емес, күллi қазақ елiнiң алдында да жеңiлмегенiн көр­сеттi. Соның дәлелi ретiнде елiмiздiң әр аймағынан жанашыр жандар қоңырау шалып, көңiлiмiздi өсiрiп жатыр. Астанадан Таразға ұшып келгенде әуежайда-ақ чемпионнан ар­тық сый-құрмет көрсеткен Жамбыл жұртшылығына, облыс­тық спорт басқармасыныңбастығы Гамлет Қайнарбековке, облыстық қазақша күрес федерациясының басшысы Айтқазы Қарабалаевқа алғысымызды айтамыз.

 

Нұрболат ӘЛДИБЕК,

 
Kazsport agent kazsportagent
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ
12 июля 2013, 13:21
672

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Нет ничего более вдохновляющего, чем видеть стада сайгаков. Не зря их называют «киелі»

Нет ничего более вдохновляющего, чем видеть стада сайгаков. Не зря их называют «киелі»

В начале 2000-х годов в уральской популяции оставалось только 2500 сайгаков. Сейчас благодаря охране от браконьеров их численность выросла до 100 тысяч.
theYakov
17 июля 2017 / 17:55
  • 8167
  • 3
Ресторанный консенсус в Казахстане: мужчина платит всегда

Ресторанный консенсус в Казахстане: мужчина платит всегда

Ресторанный консенсус в этой стране таков, что если речь идет именно о свидании, то оплачивает его на 100% из 100 именно мужчина. Пытаться его расшатать - это достаточно дорогое удовольствие.
convoluted
17 июля 2017 / 15:32
Решили рискнуть и обратиться к риэлторам. И этим людям мы доверяем свой ночлег?

Решили рискнуть и обратиться к риэлторам. И этим людям мы доверяем свой ночлег?

Звоним риэлтору, говорим, верните наши 15 000 тг, так как ваша клиентка нас кинула. По его словам, он вернуть деньги больше не может. Не имеет право.
decorus
17 июля 2017 / 14:48
  • 2800
  • 15
Польша – страна простых решений. Почему они смогли, а мы еще нет?

Польша – страна простых решений. Почему они смогли, а мы еще нет?

В Польше вообще очень много понятного и простого – инфраструктура, коммуникации и дороги прежде всего, льготы в образовании, поляки вообще получают его бесплатно. А урожай побольше нашего.
Shimanskaya
17 июля 2017 / 16:08
  • 2972
  • 37
Тихий фронт. КНБ – это не та контора, которая будет громко афишировать свою деятельность

Тихий фронт. КНБ – это не та контора, которая будет громко афишировать свою деятельность

После тех громких и пугающих событий, которые произошли год назад, всем в Казахстане стало понятно, что от работы спецслужб зависит в нашей жизни действительно многое.
openqazaqstan
14 июля 2017 / 9:55
  • 2377
  • 25
«Язык мой – враг мой», или 7 причин никогда не разговаривать с полицией

«Язык мой – враг мой», или 7 причин никогда не разговаривать с полицией

На этот раз пост очень важный и необходим к прочтению каждым! Не поленитесь и уделите время прочтению. Ни в коем случае, не разговаривайте с полицейскими до прихода вашего адвоката!
asselsabekova
18 июля 2017 / 14:19
  • 2315
  • 30
Хочу сказать работникам ЦОНа «Большое спасибо!». Я бы не хотела работать там

Хочу сказать работникам ЦОНа «Большое спасибо!». Я бы не хотела работать там

Шум, гам, есть люди воспитанные, есть невоспитанные, есть просто дикие люди. Есть и странные люди. В очередях хаос, все друг друга хотят перепрыгнуть, все суют свои бумажки под нос справочному бюро.
decorus
14 июля 2017 / 16:04
  • 2085
  • 15
Автостопом по Грузии. Можете себе представить, боржоми льется прямо из трубы!

Автостопом по Грузии. Можете себе представить, боржоми льется прямо из трубы!

Я пытаюсь произнести на грузинском "Дайте, пожалуйста одну лепешку" и протягиваю деньги в окошечко, а дедуля пекарь-продавец на чистом русском говорит: «Да бери-бери, деньги не надо!».
Zario
14 июля 2017 / 22:38
  • 1931
  • 29
Госорганы, ответственные за жизни детей, хранят молчание. У них в отчетах все хорошо

Госорганы, ответственные за жизни детей, хранят молчание. У них в отчетах все хорошо

Вчера все информационные агентства страны передали сообщение, которое заставило забиться в ужасе сердца всех матерей страны. В мусорном контейнере города Сатпаев было обнаружено тело новорожденной девочки.
AliyaSadyrbaeva
вчера / 11:06
  • 1775
  • 16