место в рейтинге
  • 748042
  • 45
  • 7
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Мылқау спортшылардың мұңын кім тыңдайды?


Cпортшыларды денсаулықтарына қарай бөліп, алалау Қазақстан сияқты айбарлы елге жараспас. Халықаралық аренада ел намысын абыроймен қорғап, көк Туымызды көкке көтерген барлық спорт­шы­ларымызға бірдей қарағанымыз жөн болар.

Сурдлимпиада. Төрт жылда бір рет өтетін мылқаулар арасындағы дүниежүзілік спорттық бәсеке биыл 22-нші ретұйым­дас­тырылмақ. Шілденің 26-сы мен тамыздың 2-сі аралығында Болгария аста­насы Софияда өтеді.

Атал­мыш сынға Қазақстан спорт­шылары да жан-жақты дайын­далуда. Алайда билік тарапынан қолдау көрмей отыр­ған жерлестеріміздің бар мұң-шері ішінде. Софиядан жүл­демен оралған жағдайда қолдау көрсетіп, сыйақы бері­ле­тіндігіне күмәнмен қарай­ды. Оған себеп те жоқ емес.

Болгария Сурдлимпиадасына дайын­дық­тарын өз көзімізбен көру үшін жақында балуандарымыздың жиынына бардық. Алматының «Достық» спорт кешенінде жаттығып жатыр екен. Грек-рим және еркін күрес құрамаларының аға бапкерлері Ерлан Мұқажанов пен Мұрадым Мол­да­ға­лиев күтіп алды. Балуандардың жайы­мен таныстырып жүр. Кімге үміт артып, қай­сыларынан алтын күтетініне дейін тізіп берді. Сондай-ақ мылқау балуан­дар­мен қалай тіл табысатынына дейін айтты.

– Өткен жылы Астанада мылқаулар ара­сындағы ел чемпионаты өткен. Сол бірін­ші­лікте көзге түскен балуандарды ірікте­дік. Сөйтіп, 11 спортшыны таңдап алдық. София­ға баратын жігіттердің жетеуі Алма­тының «Дәулет» спорт мектебінде шынық­­қан. Үшеуі – Тараздың, біреуі – Шым­­кент­тің өрені. Енді екі апта жатты­ға­мыз да, София­ға жол жүреміз, – деп Ерлан Мұқа­жанов балуандардың жайын айта бастаған еді, сөзін бөліп жібердім.

– Еркін күресте де, грек-рим күресінде де жеті салмақдәрежесінен болушы еді. Неге біздің құрамада 14 емес, 11-ақбалуан?

– Иә, мылқаулар арасындағы белде­сулер де жеті салмақ дәрежесінен тұрады. Бірақ бізде кейбір салмақтарда бәсеке­лес­тік соншалықты күшті емес, – депәңгімеге Мұрадым Молдағалиев араласты. — Сон­дық­тан Сурдлимпиада ойын­да­рын­да ел намысын абыроймен қорғау үшін кейбір сал­мақ­тарда бір балуанды күрестің екі түріне де қатыстыруды жөн көрдік. Мыл­қаулар арасындағы турнирлерде бұған рұқсат етіле береді. Еркін күресте де, грек-рим күресінде де чемпион атанып жат­қан­дар аз емес. Мәселен, бізде 120 келіде Қай­ратхан Шоңқуға тең келер балуан жоқ. Сондай-ақ 60 келідегі Ғабит Есжанов та күрестіңекі түрін де жетік меңгерген. 96 келідегі Асылжан Тәжиевті де тәуекелге барып, күрестің еркін түріне де, клас­си­калық түріне де белдестіруді жөн деп шеш­тік.Қаржы үнемдегеннен емес, бұлардың әлеуетін жақсы білгеннен, – деп еркін күресқұрамасының аға бапкері сөзін аяқ­тай беріп еді, Мұқажанов ары қарай іліп әкетті.

– Барлық балуандардың бабын жақсы білеміз ғой. Өз басымыз, «арық сөйлеп, семіз шығуды» көздеп отырмыз. Қайратхан Шоңқуға сенім артамыз. Ол 2009 жылы Тайпейде өткен Сурдлимпиада ойын­да­рын­да қолаға қол жеткізген. Осы жолы жеңістің ең биік тұғырынан көрінуге мүм­кіндігі бар. Әттең, жарақаты кедергі болып тұр. Туды сол ұстап шығу керек, егер ол бабында болмаса, 74 келідегі Дәулет Елубаев бар. Әйтеуір, медальсіз қайтпауға тырысамыз. Балуандарымыздың қай-қайсысы болмасын, жеңіске құлшынып-ақ тұр. Тек бірғана нәрсе бар, кеудеге өксік тіреп тұрған, – деп аға бапкер үнсіз қалды да, шерін ары қарай тарқатты.

– Орыс тілін білеміз, бірақ өзге елдердің не деп жатқандарын ұқпаймыз. Ал мылқаулардың тілі әлемде біреу-ақ. Барлығы қолдың ымымен бір-бірін жақсы түсініседі. Айтпағым, халықаралық турнирлерде біздің жігіттер өзге елдіңбалуандарымен шүйіркелесіп жатады. Бір-бірінен, «сендерде мылқаулар спортына қаншалықты көңіл бөлінеді?», – деп сұрайды екен. Түріктер, парсылар, тіпті ресей­ліктер де өздеріне барлық жағдайдың жасалғанын айтып мақтанадығой. Содан көңілдері түсіп, жігіттер бізге келеді. «Неге бізге сондай жағдай жасал­майды?» – деп ренжиді. Шынын айтсақ, үндей алмаймыз. Тоқетерін айтқанда, біздің спортшыларға да осындай жағдай жасалса дейсің ғой. Тым болмаса, Сурд­лим­пиададан жүлде алған спортшыларға сыйақы беріп, көңілдерін бір көтеріпқойса екен дейміз. Олар да ел намысы үшін сынға түсіп, көк Туымызды желбіретіп жатыр ғой.

Сонда Сурдлимпиададан олжалы оралған оғландарымызғаҮкімет тара­пынан ешқандай сыйақы қарас­ты­рыл­маған ба? – деппін жұлып алғандай. Жүзімнен таңданыстың нышаны білініп қалды ғой деймін, Мұрадым Молдағалиев те әріп­тесінің сөзін қостады.

– 2009 жылғы Сурдлимпиада ойындарында Қазақстан спортшыларынан жалғыз болып Қайратхан Шоңқу жүлдеге ілікті. Сонда біз оған, «қара да тұр, елге оралғанда сені Мәрід Муталимов, Елена Шалыгина сияқты құрметтеп, сыйақыңды береді», – деп желпіндірдік. Өйткені шынымен өзіміз де солай ойлаған едік. Бірақ елге келгенде Қайратханға ешқандай да көңіл бөлінген жоқ. Ал мәселен Ресейде Паралимпиада, Сурдлимпиада және Олимпиада деп бөлмейді. Бәріне бірдей қарап, Олимпиада атой салған спортшыны қалайқұрметтесе, Сурдлимпиада жеңім­пазына да соншалықты қошемет көрсетеді, – деді аға бапкер.

Шынында да, өзге елдермен салыс­тырғанда бізде жағдай басқаша екен ғой. Сол кезде Шоңқуға құрмет көрсетіліпті дегенді естімеген едік, журналистер қауы­мы да осыған аса мән бермей келіппіз. Ал шынтуайтына келер болсақ, ХалықаралықОлимпиада комитетінің 2001 жылы Лозан­нада өткен отырысында Паралим­пиада мен Сурдлимпиаданың мәртебесі Олимпиада ойындарының мәртебесіне теңестіру туралы шешім қабылданған. 2009 жылы Ресей үкіметі Сурдлимпиада ойындарында жеңіске жеткен 29 жерлесінің әрқайсысына 100 мың евро көлемінде сыйақы тағайындаған. Күміс жүлдегерлерге – 60 мың, қола жүлде­герлерге 40 мың евродан берген. Міне, құрмет. Ал бізде ше?

Ойымды Молдағалиевтің сөзі бөліп жіберді. Тақырыпты ары қарай өрбітіп жатыр екен.

– Бізде Лалиев, Тигиев сынды легио­нерлер жоқ. Бәрі де – өзіміздің қаракөздер. Халықаралық аренада жеткен жетістіктері аз емес. Бірақ баспасөз беттерінде жазыла бермейді. Енді міне, төрт жылдық дода жақындап қалды. Бірақжоғымызды түгендеген журналистер, шыны керек, аз. Ал Сурдлимпиада ойындарында жүлдегер атанған спортшыларға сыйақы тағайындау мәселесін 26 шілде күні қарастырып, тал­қыға салады деп естідік. Кім қарастырады, қалайқарастырады, ол жағын білмейміз. Бірақ мәселені шешіп берсе екен дейміз. Өзімізүшін емес, спортшылар үшін сұрап отырмыз. Алайда, білуімізше, 26 шілде күніқарастырылатын болса, оның шешімі екі айдан кейін бір-ақ шығады екен. Ол уақытта Сурдлимпиада бітіп те қояды. Ал өтіп кеткен доданың жампоздарына сыйақы берілуші ме еді?! Сонда спорт­шылардың соншалықты еңбектері зая кетейін деп отыр ғой, – деп ағынан жарылды Мұрадым бапкер.

Міне, мылқау балуандардың мұңын жеткізген бапкерлеріміз осылай дейді.Әлбетте, орынды сын. Расымен де, спортшыларды денсаулықтарына қарай бөліп, алалау Қазақстан сияқты айбарлы елге жараспас. Халықаралық аренада ел намысын абыроймен қорғап, көк Туымызды көкке көтерген барлық спорт­шы­ларымызға бірдей қарағанымыз жөн болар. Сондай-ақ жеңімпаздардың жаттық­тырушыларын да ұмытпауымыз керек. Әйтпесе, жасыратыны жоқ, он екі мүшесі сау спортшылармен жұмыс жасау оңай емес, ал кембағал жандармен жұмыс істеудің машақаты тіптен зор екенін бәріміз де түсінеміз.

 

Сурдлимпиада ойындарына қатысатын Қазақстан балуандары:

Еркін күрес

55 келі: Ердос Күдербаев (Алматы)

60 келі: Ғабит Есжанов (Тараз)

66 келі: Біржан Тезекбаев (Алматы)

74 келі: Дәулет Елубаев (Алматы)

84 келі: Сүлеймен Таяров (Алматы)

96 келі: Асылжан Тәжиев (Алматы)

120 келі: Қайратхан Шоңқу (Алматы)

 

Аға бапкер — Мұрадым Молдағалиев

 

Грек-рим күресі

55 келі: Нұрсұлтан Дүйсенбиев (Тараз)

60 келі: Ғабит Есжанов (Тараз)

66 келі: Бағдат Сәбитов (Тараз)

74 келі: Әбдірахман Оспанов (Алматы)

84 келі: Қайыржан Пернеев (Шымкент)

96 келі: Асылжан Тәжиев (Алматы)

120 келі: Қайратхан Шоңқу (Алматы)

 

Аға бапкер – Ерлан Мұқажанов

 
Kazsport agent kazsportagent
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ
12 июля 2013, 11:43
203

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

До каких пор чиновники будут игнорировать защиту детей?

До каких пор чиновники будут игнорировать защиту детей?

До каких пор Уполномоченный по правам ребенка, как институт во всем мире стоящий на страже жизни и прав детей, в нашей стране будет выполнять представительские функции?
AliyaSadyrbaeva
вчера / 18:27
  • 4680
  • 5
«Алматы – город, летящий под откос», или Кто заказал утку у российского блогера

«Алматы – город, летящий под откос», или Кто заказал утку у российского блогера

Некий блогер Сергей Никитский неустанно пишет о Казахстане, Астане, Экспо и посвящает два материала Алматы, причём подчёркнуто называет город Алма-Ата.
Langdon
19 июля 2017 / 15:44
  • 3869
  • 58
Что происходит в казахстанской правоохранительной системе под видом борьбы с коррупцией

Что происходит в казахстанской правоохранительной системе под видом борьбы с коррупцией

За день до своей гибели прямо около памятника жертвам политических репрессий 1937-го Жампозов сказал жене, что он – жертва точно таких же репрессий.
openqazaqstan
24 июля 2017 / 10:18
  • 3009
  • 12
Зачем эмигрировать в Россию? Лично я никогда не понимал этой странной мечты

Зачем эмигрировать в Россию? Лично я никогда не понимал этой странной мечты

Некоторые мои знакомые, мечтают уехать в Россию и побыстрее получить гражданство. Кому мы там сдались? Есть замечательная поговорка: "Где родился - там и пригодился".
Washington
вчера / 12:15
  • 2918
  • 85
Книга, которая сэкономит вам 150 тысяч долларов и два года жизни

Книга, которая сэкономит вам 150 тысяч долларов и два года жизни

Автор утверждает, что программы МБА не дают никакого позитивного выхлопа, если ты уже не являешься владельцем или наследником прибыльного бизнеса. Знания МБА можно получить бесплатно, уверяет он.
Aks_Ras
19 июля 2017 / 16:28
  • 2890
  • 2
Госорганы, ответственные за жизни детей, хранят молчание. У них в отчетах все хорошо

Госорганы, ответственные за жизни детей, хранят молчание. У них в отчетах все хорошо

Вчера все информационные агентства страны передали сообщение, которое заставило забиться в ужасе сердца всех матерей страны. В мусорном контейнере города Сатпаев было обнаружено тело новорожденной девочки.
AliyaSadyrbaeva
19 июля 2017 / 11:06
  • 2398
  • 19
Мужчины Люксембурга и Казахстана: «У нас они уже в 35 добиваются статуса»

Мужчины Люксембурга и Казахстана: «У нас они уже в 35 добиваются статуса»

Что касается парней, так это вообще отдельная тема. Они для меня загадка. Уже год пытаюсь понять ход их мыслей. Для нас, казахов, немного сложно понять, почему человек в 35-36 лет, до сих пор не нашел смысла жизни.
AASh
24 июля 2017 / 15:19
  • 1908
  • 18
Почему путь к любимому Иссык-Кулю из года в год не становится легче

Почему путь к любимому Иссык-Кулю из года в год не становится легче

Минувшие выходные для казахстанских туристов, рвущихся от алматинской жары к иссык-кульской прохладе, снова обернулись настоящим кошмаром.
caravan_kz
19 июля 2017 / 18:39
  • 1920
  • 4
Наша новая рубрика «Топ-5»: самые красивые актрисы Казахстана

Наша новая рубрика «Топ-5»: самые красивые актрисы Казахстана

Решили сделать топ-5 красивых актрис Казахстана. Очень долго спорили о первых трех местах и даже чуть не подрались. Было очень тяжело выбирать.
asdbqwe
20 июля 2017 / 14:24
  • 1937
  • 41