Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
23:15, 11 июля 2013

Қазақстан Қарулы Күштері барлау топтарының «Алтын Үкі» жарысын өткізуде

Қарағанды облысындағы Спасск оқу-жаттығу орталығында шет мемлекеттер қарулы күштері өкілдерінің қатысуымен арнайы мақсаттағы барлау топтарының «Алтын Үкі» халықаралық жарысы басталды. Халықаралық деңгейдегі іс-шараға қатысу үшін оқу орталығына Қазақстан, Ресей, Иордания, Қытай және Тәжікстан қарулы күштерінің бөлімшелері келді.

 

Blog post image

 

Барлаушылар бұл сында жоғары дене даярлығы деңгейін және атыс дайындығын, мина жару ісіндегі, әскери-медициналық және радио даярлық бойынша білімдерін, таныс емес жерде бағдарлау және картамен жұмыс істей білетінін дәлелдеуі керек.

   

Жарыс бірнеше кезеңнен тұрады. Олар бірінен соң бірі демалыссыз өткізілетін болады. Бұл қатысушылар үшін төзімділік сынағы болмақ.

   

Барлау топтарына үш шақырымнан тұратын «барлаушы жолағынан» өтуге тура келеді. Ол қабырға, тікенек сымдар, жартастар және су кедергілері сияқты елуден астам элементтен тұрады. Кедергілер жолағынан өту барлаушылардан айтарлықтай дене даярлығы мен психологиялық даярлықты, ептілік пен шыдамдылықты талап етеді.

   

Бүгінгі күні барлау топтары түнгі жағдайда 30 шақырымдық марш жасап, арнайы іс-шаралар орындайтын ауданға шықты.

   

«Алтын Үкі» халықаралық жарысының шешуші кезеңі қару-жарақпен 10 шақырымдық марш жасаумен аяқталады. Жарыстың нәтижесі сенбі, 13 шілде күні мәлім болмақ.

   

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
270
0