место в рейтинге
  • 128691
  • 0
  • 2
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Сауапты істен құр қалмайық достар!

Әс-сәләму ъалйкум уә рахмәтуллаһи уә бәракәтуһ!

Құрметті жамағат!

 

Өздерңізге белгілі осы ай айлардың сұлтаны – қаситетті Рамазан айы.  Рамазан айын барша мұсылман құрметтеуіміз керек. Құрметтеу үшін Аллаһу та’аланың бұйрықтарын орындап, тыйымдарынан сақтануымыз қажет. Ораза тұтып, ғайбат жасаған, жалған сөйлеген, ренжіткен, харамдардан сақтанбаған адам рамазан айын құрметтемеген болып саналады. Хадис шәрифтерде былай бұйырылды: «Мұқият болыңдар. Рамазан айындағы сауап пен күнәлар еселеніп жазылады. Рамазанда көп намаз оқыңдар. Көп Құран оқыңдар. Өйткені, рамазанда оқылған Құран Кәрімнің әр әрпі үшін Хақ та’ала жәннат бақшаларынан бір бақша береді».

«Рамазанды құрметтеу керек. Оның рақымдылығы мүміндерді қуантады. Оның алғашқы күндері рақымдылық, ортасы кешірім және соңы тозақ отынан құтылу».

«Егер құлдар рамазан айындағы ізгілік пен жақсылықтарды білсе, бүкіл бір жылдың рамазан болғанын қалар еді. Өйткені, онда көп сауап бар».

«Рамазан айының күндізі мен түнінде Құран Кәрімнен бір аят оқыған адамға әр әрпі үшін бір шәйіт сауабы беріледі». «Аллаһу та’ала рамазан айында күнә істемеген адамның он бір айлық күнәсін кешіреді».

Осы орайда Рамазан айының Тараз қаласы бойынша Ораза тұту (ауыз бекіту) уақыты 18 сағатты құрайды. Яғни шамамен таңғы сағат 3.30-дан кешкі сағат 21.00 аралығы болып табылады.

«Рамазан айты күні періштелер жолдың шетінде тұрып, айт намазына бара жатқандарға мынаны сүйіншілейді: «Ей, мүміндер қауымы! Сендерге жақсылықтар, мол ниғметтер беретін рақымды Раббыларыңнан тілеңдер. Өйткені, Ол сендерге түнді ғибадатпен өткізуді бұйырды, сендер орындадыңдар. Ол сендерге күндіз ораза тұтуды бұйырды, сендер тұттыңдар. Ол сендерге Раббыларыңа бағынуды бұйырды, сендер бағындыңдар. Олай болса, олардың қайтарымын алыңдар». Намаздан кейін бір періште былай дейді: «Біліңдер, ей, мүміндер. Бүгін күмәнсіз сый тарату күні, күнәлардан құтылу күні және айыптардан тазару күні».

Рамазан айы – ол Құран айы деп те аталады. Себебі, мұсылмандар күнін оразаман, яғни Аллаһтың разылығы үшін ауыз бекітсе, түнін намаз оқып құлшылық қылады. Осы орайда

Осы Рамазан айында жиырма рәкәғат тарауих намазы оқылады. Сүйікті пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Хақ тағала сендерге оразаны парыз етсе, мен тарауих намазын сүннет еттім. Шын иман және ықыласпен Рамазан оразасын ұстаған және тарауих намазын оқыған адам күнәдан анадан жаңа туған нәрестедей пәк болып тазарады» – деген хадисі бар. Сондықтан ер және әйел кісінің жиырма рәкәғат тарауих намазын оқуы – сүннет муәккәдә. Сүннет муәккәдә – бекітілген сүннет, пайғамбарымыз (с.ғ.с.) әрдайым істеген және істеңдер деп өсиет еткен амалдар.

Тарауих намазын құптан намазы оқылғаннан кейін үтір уәжіп намазынан бұрын немесе кейін оқу шариғатқа қайшы емес. Осы себептен имам тарауих намазын оқып тұрған болса, мешітке кешігіп келген адам алдымен құптанның парызын оқып, кейін тарауих намазына тұрады. Бұл жағдайда құптан намазының сүннетін тарауих намазының отырыстары арасында оқыса болады. Оқымаса, соңынан үтірден бұрын оқып алады.

Тараз қаласы бойынша барлық мешіттерде жамағатпен Тарауиз намазы оқылады. Оның уақыты жоғарыда айтылғандай сағат 22.30-дан 1.30-ға дейін жалғасуы мүмкін. Құрметті достар! Тараих намазының әр күнінің өзіндік сауабы бар. Ол сауаптармен танысқыларыңыз келсе мына көрсетілген сілтемеге https://www.facebook.com/groups/597501266948641/ кіріп қарауларыңызға болады.

Құрметті мұсылман бауырлар!

Сондай-ақ, бүгін Жұма! Күндердің сұлтаны. Жұма намазы – дінімізде өте маңызды саналатын, жамағатпен орындалатын апталық ғибадат. Жұма күнінің ежелде еврей және христиандар үшін апталық ғибадат күні болғандығы, кейіннен еврейлер бұл күннің орнына сенбі күнін, христиандар жексенбі күнін апталық ғибадат күні ретінде өзгертіп қабылдағаны және Ислам діні келгеннен кейін ұмыттырылған қасиетті бұл күннің мұсылмандарға қайтадан оралуы жайлы Пайғамбарымыз (с.а.с) былай дейді: «Біз – бұрынғы кітап берілгендерге қарағанда, ең соңғысымыз. Қияметте – ең алға өтеміз. Олар Аллаһтың өздеріне парыз еткен осы жұма намазы күні жайында қарама-қайшы пікірге түсті. Аллаһ оны бізге көрсетті. Басқа адамдар бұл туралы бізге бағынады. Жұма күнінің ертеңі – яһудилердікі, одан кейінгі күн – христиандардікі» Пайғамбарымыздан (с.а.с) бұл күннің неліктен жұма аталуының себебін сұрағанда, былай деп жауап қатты: «Күмәнсіз, әкеңіз Адамның жаратылысы сол күні жиналды. Қиямет сол күні болады. Қайта тірілу мен адамдардың есеп беруі үшін ұсталулары да – сол күні болады. Жұма күнінің үш сағатының соңында бір сәт бар. Сол сәтте дұға еткеннің дұғасы қабыл болады»

Тараз қаласының барлық мешіттерінде Жұма намазы сағат 13.00 мен 14.00 арасында оқылады. Оның арасында уағыз айтылып, діни сауатымызды арттыруға болады. Имам хұтба оқиды. Хұтба оқығанға дейін мешітке келіп үлгеруіміз қажет.

Түйіндей келгенде бұл айда жасалған барша құлшылықтар мен дұға-тілектер қабыл болады. Сонымен қатар, олар екі еселенеді. Сол себепті құрметті мұсылман бауырар өзімізге берілген мол нығыметтер үшін Жаратқан Аллаһқа құлшылық қылып, бір мезгіл мадақтуды ұмыт қалдырмайық.

Уа, Аллаһ тағала! Сені әрдайым еске алуымды, Саған шүкіршілік етіп, Өзіңнің талабыңа сай құлшылық етуімді нәсіп ете гөр! Уа, Аллаһым! мені, әке-шешемді және мұсылмандарды қиямет күні кешіріміңе бөлей гөр! Уа, Аллаһым! Бізге өзің жақсы көретін және разы болатын істерді нәсіп ете гөр!

Бауырлар отыз күн отыз сағаттай өтеді де кетеді. Мұсылман баласы тәтті түсінен оянып кеткендей күй кешіп, «әттеген-ай, бүкіл ғұмырым ораза болса ғой» деген қимас сезіммен бұл аймен қоштасады. Рамазанды өкшелеп, қасиетті ораза айт та келіп жетеді. Айт мейрамы мұсылмандардың оразадан кейінгі жабырқаңқы көңілдеріне жұбаныш сыйлап, қуаныш дарытады.

Құрметті бауырлар Аллаһ баршамыздың күнәләрімізді кешірсін, дұға-тілектерімізді қабыл етсін деп тілеймін. Амин! Әс-сәләму ъалйкум уә рахмәтуллаһи уә бәракәтуһ!

Серікбол Берікқожа ceka
Тараз қалалық мәслихатының депутаты
12 июля 2013, 9:38
303

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Школа High Tech High – дети здесь самостоятельны так же, как и профессионалы в офисах

Школа High Tech High – дети здесь самостоятельны так же, как и профессионалы в офисах

Известный казахстанский бизнесмен становится первопроходцем и создает школу, о которой можно только мечтать. То, что мы, как взрослые, делаем в бизнесе, дети будут делать в этой школе.
Zhumanova
24 апр. 2017 / 16:29
  • 17227
  • 3
Как выбрать новостройку в Алматы: инсайты, критерии и личный опыт

Как выбрать новостройку в Алматы: инсайты, критерии и личный опыт

Я прекрасно понимаю тех, кто долго ищет подходящую квартиру - сама искала, потратила на поиск 1,5 года. Что, прежде всего, повлияло на мой выбор при покупке квартиры в новостройке Алматы?
Zhumanova
21 апр. 2017 / 10:04
  • 3611
  • 12
«Третья мировая война начнётся в мае 2017 года» – провидец из Португалии

«Третья мировая война начнётся в мае 2017 года» – провидец из Португалии

Провидец из Португалии по имени Горацио Вильегас считает, что новая мировая война состоится уже в текущем году. Считается, что португалец два года назад объявил, что Трамп станет президентом.
Seattle
21 апр. 2017 / 15:33
  • 3357
  • 12
«А ты покушала?» или Как завоевать сердце женщины простой заботой

«А ты покушала?» или Как завоевать сердце женщины простой заботой

Так как опыт хождения по свиданиям у меня немаленький, да и с интуицией давно дружу, я быстро отсеиваю тех, с кем будут проблемы. Как я это определяю? Очень просто.
Bonittta
22 апр. 2017 / 14:10
Кому в Казахстане жить хорошо? Почему мы остаёмся в топ-5 стран мира по числу самоубийств

Кому в Казахстане жить хорошо? Почему мы остаёмся в топ-5 стран мира по числу самоубийств

Всё ли так хорошо у жителей Казахстана? Почему-то наша страна сохраняет твёрдые позиции в первых строчках мировых рейтингов по числу самоубийств.
openqazaqstan
24 апр. 2017 / 16:54
  • 2969
  • 16
Депутат сената Айтимова: «Не нужно критиковать депутатов, так как вы сами их избирали»

Депутат сената Айтимова: «Не нужно критиковать депутатов, так как вы сами их избирали»

Наши депутаты известны не достижениями и работой, а своими высказываниями. Сегодня в СМИ вышла новость, где депутат сената Бырганым Айтимова ответила на критику народа.
tala03
20 апр. 2017 / 13:44
  • 2526
  • 20
Стихия всё спишет. Почему дамба за 200 миллионов никого не спасла?

Стихия всё спишет. Почему дамба за 200 миллионов никого не спасла?

Наводнение в Атбасаре, размытые дороги, подтопленные сёла по всему Центральному и Северному Казахстану... Что происходит?
openqazaqstan
19 апр. 2017 / 15:20
  • 2505
  • 14
Каждую ночь я жду его. Почти каждую ночь он оправдывает мои ожидания

Каждую ночь я жду его. Почти каждую ночь он оправдывает мои ожидания

Каждую ночь я жду его. Такая уж у него работа, он приходит поздно. Но почти каждую ночь он оправдывает мои ожидания. Когда его долго нет, признаюсь, я начинаю нервничать. Названивать и писать смс-ки...
DominaOmnium
21 апр. 2017 / 2:25
  • 2284
  • 11
Атбасарская дамба: кто так красиво сэкономил 137 миллионов?

Атбасарская дамба: кто так красиво сэкономил 137 миллионов?

История с разрушенной атбасарской плотиной получила интригующее продолжение. На официальном уровне говорят о 200 млн тенге, в то время как районный аким сообщил, что дамбу строили совсем за другие деньги.
openqazaqstan
20 апр. 2017 / 15:10
  • 2113
  • 14