3 күн

berik-011 2013 M07 11
138
0
0
0

Ұлттық архив сақталған "Мұрағат" ғимаратына бардық.Спорттағы жетістіктер,1991 жылдан бастап осы күнге дейінгі барлық қажетті құжаттар осы ғимаратта сақталған. Архивтен кейін,Сәкен Сейфуллин...

Ұлттық архив сақталған "Мұрағат" ғимаратына бардық.Спорттағы жетістіктер,1991 жылдан бастап осы күнге дейінгі барлық қажетті құжаттар осы ғимаратта сақталған.

Архивтен кейін,Сәкен Сейфуллин мұражайына бардық.

С. Сейфуллин атындағы тарихи-өлкетану мұражайы 1984 жылы ашылды. Құрылған жылы- Д.Ізтөлеуовтың бастамасымен және сол кісінің жеке өзінің еңбегімен 1960 жылдан бастап, аудан тарихынан жәдігерлер жинала бастады.Мұражайдың мақсаты: Жаңаарқа елінің, өлкенің тарихын зерттеп, елдің тіршілігіне байланысты қол өнер бұйымдарын, болашақ игілігіне үлгі-өнер ретінде көрсету, ұлы адамдар өмірін, олардың әдебиетінен мәдениетте қалдырған іздерін, шексіз ерліктерін насихаттау.

Осыдан кейін Тәуелсіздік сарайына бардық.Ғимаратта көптеген атақты суретшілердің салған суреттерін тамашаладық.Бұл ғимарат мемлекеттік ресми іс-шараларды, форумдарды, мәжілістерді, кездесулерді, съездерді өткізу орны болып табылады. Ғимараттың сыйымдылығы, техникалық жабдықталуы, жайлылығы іс-шараларды жоғары халықаралық деңгейде өткізуге және көрсетуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар Хазірет Сұлтан мешітіне,Астананың символы болып табылатын-Бәйтерекке,Хан шатырға бардық.

Оцените пост

0
Дальше