Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
15:03, 11 июля 2013

«Туған елге тағзым» экспедициясының алғашқы күні

Пойыздан түскен кезде бізді  "Dana tour" туристік компаниясы қарсы алды.Біз Астана жеткенімізге өте қуанышты болдық. Ең алдымен түстеніп алып, біз экспедициямызды Назарбаев Зияткерлік мектебінен бастадық. Онда бізді 11 сынып оқушылары Самал мен Зарина және мұғалімдер коллективі қарсы алды.  Олар өздерінің өткен жылғы экспедициясынан алған көңіл күйімен, сезімдерімен бөлісті. Олардың мектебінің архитектурасы біздікінен басқаша екен. Мектептің бірінші қабатында бастауыш сыныптар оқиды.Екінші қабатында ортаңғы буын орналасқан.  Ал үшінші қабатта бакалавр оқытады.Самал мен Зарина өздерінің алдыңғы жыл бойынша кеңестерімен бөлісті. Олардың айтуы бойынша, күнделікті барлығын суретке түсіріп, күнделікке жазып жүрген жөн екен.Мектепті осы жылы төртінші түлектер аяқтаған. Көптеген мектеп туралы мағлұматтар білдік. Соңына қарай ,флешмоб билеп, суретке түстік. Содан кейін кешке таман жан-жақты экскурсияға аттандық.Blog post imageМіне, Назарбаев Зияткерлік мектебі!

 
0
330
0