Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
1
05:08, 11 июля 2013

«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу)»

«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу)» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы «15» желтоқсандағы №2121 қаулысымен бекітілген. 2012 жылғы «6» қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1160 қаулысымен өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Аталмыш қызмет түрі 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 42-бабының, «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңының 3-бабының, «Ақпараттандыру туралы»  Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-баптарының негізінде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

  • Ø шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларды, сондай-ақ өз қызметін үлгілік жарғының негізінде жүзеге асыратын орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу өтініш берілген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей, ал мемлекеттік (есептік) қайта тіркеу - үш жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізілуі (құжаттарды қабылдау және тапсыру күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді) тиіс;
  • Ø өз қызметін үлгілік емес жарғының негізінде жүзеге асыратын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) қажетті құжаттары қоса тіркеліп, өтініш берілген күннен кейінгі жеті жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізілуге (құжаттарды қабылдау және тапсыру күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді, сонымен бірге, уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің аяқталуына бір күн бұрын ұсынады) тиіс;
  • Ø жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын ұйымдарды, сондай-ақ саяси партияларды қоспағанда, коммерциялық емес ұйымдарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) өтініш берілген күннен кейінгі он жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізілуге (құжаттарды қабылдау және тапсыру күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді, сонымен бірге, уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің аяқталуына бір күн бұрын ұсынады) тиіс;
  • Ø саяси партияларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) өтініш берілген күннен бастап бір айдан кешіктірілмей жүргізілуге (құжаттарды қабылдау және тапсыру күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді, сонымен бірге, уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің аяқталуына бір күн бұрын ұсынады) тиіс.

«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу)» мемлекеттік стандартына сәйкес тұтынушы төмендегідей құжаттарды ұсынады:

1) уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша өтiнiш;

2) жарғы;

3) құрылтай шарты, құрылтайшысы бiр адамнан көп болғанда (қорлар, заңды тұлғалар бiрлестiктерi, мекемелер);

4) заңды тұлғаның уәкiлеттi органының не құрылтайшының заңды тұлға құру туралы шешiмi;

5) тұрған жерiн растайтын құжат;

6) заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу үшiн бюджетке алым төленгенiн растайтын түбiртек немесе құжат.

 
1
528
0