Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
22:47, 10 июля 2013

«Монаконың» миллиондары


Blog post image

«Монако» осы маусымда қаржы жұмсау жағынан қалталы клубтардың қатарына кіріп отыр. Францияның 1 лигасына қайта оралған команда 144 миллион еуро жұмсап үлгерген.

Қомақты қаржының бұл мөлшері «Барселона» мен «Манчестер Сити» жұмсаған қаржының ортақ көлемінен де асып отыр.

«Монако» осы маусымда төмендегі ойыншыларға құда түсті:Жереми Тулалан («Малага», 5 млн), Радамель Фалькао («Атлетико», 60 млн), Хамес Родригес («Порту», 45 млн), Жоао Моутинью («Порту», 25 млн), Энтони Мартиал («Лион», 5 млн), Николя Изима-Мирен («Валансьен», 4 млн), Эрик Абидаль («Барселона», тегін), Рикардо Карвальо («Реал», тегін).

«Барселона» Неймарды 57 миллион еуроға сатып алса, Боян Кркичті 13 млн еуроға сатты. «Сити» болса, Фернандиньо мен (40 млн еуро) Хесус Наваспен (20 млн еуро) толықты.

Миллион еуродан жұмсап үлгерген клубтар ондығы:

«Монако» — 144 миллион еуро

«Барселона» — 70

«Манчестер Сити» — 60

«Анжи» — 51,1

«Боруссия» Д – 50

«Реал» — 42,5

«Шахтер» — 35

«Челси» — 31,4

«Динамо» К — 31

сурет:sport.news.am

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

 
0
134
0