Мектептердің жартысынан көбі дене шынықтыру мұғалімдеріне қосымша ақы төлемей отыр

Kazsport agent 2013 M07 9
313
0
0
0

  Білім беру ұйымарының 55%-ында дене шынықтыру мұғалімдеріне сабақтан тыс спорттық жұмыстарды жүргізгені үшін қосымша ақы төленбей отыр. Бұл туралы Үкімет отырысы барысында ҚР Дене шынықтыру және...

 

Білім беру ұйымарының 55%-ында дене шынықтыру мұғалімдеріне сабақтан тыс спорттық жұмыстарды жүргізгені үшін қосымша ақы төленбей отыр. Бұл туралы Үкімет отырысы барысында ҚР Дене шынықтыру және спорт агенттігінің төрағасы Ерлан Қожағапанов хабарлады.

«Дене шынықтыру мен спорт саласындағы жетістіктермен қатар бірқатар мәселелер де бар. Мемлекеттік қызметкерлердің еңбекақысын төлеу жүйесі туралы Үкімет қаулысына сәйкес, сабақтан тыс уақытта спорттық сабақтарды жүргізгені үшін мектептерде базалық лауазымдық қызметақының 45%-ы төленуі тиіс. Дегенмен, Агенттік жүргізген талдау барысында айына 7964 теңгені құрайтын қосымша ақы білім беру ұйымдарының тек 45%-нда төленіп отырғандығы анықталды. Бұл мектеп оқушылары арасындағы бұқаралық спортты дамыту әлеуетін төмендедіп отыр, оның үстіне дене шынықтыру мұғалімдерін сабақтан тыс жұмыс жүргізуге ынталандырмайды», — деді Қожағапанов.

Диана ҚҰЛМАҒАНБЕТОВА

 

Оцените пост

0
Дальше