Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
02:27, 09 июля 2013

7 алтын! Қазақтар Азияны бағындырды!


Blog post image

Бүгін Иордания астанасы Амманда бокстан ересектер арасындағы Азия чемпионаты аяқталды.  Құрлық мықтыларының басын қосқан бәсекеде Қазақстан құрамасы 6 алтын алып, Азиядағы алып бокс державасы екенін дәлелдеуде. Одан бөлек, бір күміс жүлде бар. Сегізінші жүлденің тағдыры енді шешіледі.

Алдымен ең жеңіл салмақтағы үмітіміз Теміртас Жүсіпов үндістандықДевендро Лайшрамды жеңді. Төрешілердің екеуі Теміртасты жеңімпаз деп тапса, біреуі өз даусын үндіске беріпті. Алғашқы алтын!

60 келідегі Берік Әбдірахмановтың да тынысы енді ашылғандай. 2012 жылы өткен Қазақстан чемпионатына дейін отандық бокс жанкүйерлеріне белгісіз болып келген Берік Азия чемпионатының финалында тайландтық Арди Сайломды 2:1 есебімен тізе бүктірді. Екінші алтын!

64 келідегі Мерей Ақшалов та жерлестерінің жеңісті жолын жалғастырды. Ақтық айқаста Моңғолия құрамасының мықты боксшыларының бірі  — Уранчимег Мунгх-Эрденді 3:0 есебімен бет қаратпай жеңді. Үшінші алтын!

69 келідегі команда капитаны Данияр Елеусінов бабына енді енгендей. Лондон сәтсіздігінен соң жарқын жеңісімен қуанта алмаған Елеусінов Аммандағы финалда үндістандық Мандип Жанраны 3:0 есебімен ұтты. Төртінші алтын!

75 келідегі Жәнібек Әлімханұлы финалда тәжік боксшысы Навроз Жафоевқа айла қалдырмай, Азия чемпионы атанды. Бесінші алтын!

Өкінішке қарай, 81 келідегі Әділбек Ниязымбетовке алтын бұйырмады. Лондон Олимпиадасының күміс жүлдегері финалда өзбек боксшысы Ойбек Мамазулуновтан жеңіліп қалды.

91 келідегі Антон Пинчук пен шаршы алаң қожайыны Ихаба Алматбули арасындағы айқас та біздің жерлесіміздің жеңісімен аяқталған. Алайда, осы жекпе-жектен соң жергілікті жанкүйерлер шу шығарып, төрешілер залдан шығып кетті деген хабар таратты Вконтакте желісіндегі «Қазақстан боксы» парақшасы.

Осыған байланысты, аса ауыр салмақтағы Иван Дычко мен өзбек Изатулла Иргашев арасындағы жекпе-жек уақытша тоқтатылған. Алайда, қайта жалғасқан бәсекеде Иван Дычко жетінші алтынды қоржынға салды!

Жоғарыдағы мәліметтер Вконтакте желісіндегі «Қазақстан боксы» парақшасынан алынды.

 
0
349
0