Федерер соңғы 10 жылда бірінші рет ATP рейтингісінде 5-орынға төмендеді

Kazsport agent 2013 M07 9
179
0
0
0

Швейцариялық Роджер Федерер Уимлдонда сәтсіз өнер көрсетуіне байланысты әлемдік ATP рейтингісінде екі саты төмендеді. Уимблдон жарысының өткен жылғы жеңімпазы Федерер осы жылы жарыстың екінші...

Швейцариялық Роджер Федерер Уимлдонда сәтсіз өнер көрсетуіне байланысты әлемдік ATP рейтингісінде екі саты төмендеді.

Уимблдон жарысының өткен жылғы жеңімпазы Федерер осы жылы жарыстың екінші айналымында украиндық Сергей Стаховскийге жеңіліп, жарыс жолын аяқтауға мәжбүр қалған болатын. Нәтижесінде швейцариялық теннисші алдына испандық Давид Феррер мен Рафаэль Надальді жіберіп, рейтингте 3-тен 5-орынға төмендеді. Соңғы рет Федерер осындай көрсеткішке 2003 жылы ие болған еді.

Сонымен қатар, Уимлдонның жартылай финалисті аргентиналық Хуан Мартин дель Потро француз теннисшісі Жо-Вильфрид Цонгті рейтингтің 7-нен 8-орынға жылжытты.

АТР рейтингісі. 8 шілде күні шыққан нұсқа:

1 (1). Новак Джокович (Сербия) — 12310 ұпай,

2 (2). Энди Маррей (Ұлыбритания) — 9360,

3 (4). Давид Феррер (Испания) — 7220,

4 (5). Рафаэль Надаль (Испания) — 6860,

5 (3). Роджер Федерер (Швейцария) — 5785,

6 (6). Томаш Бердых (Чехия) — 4865,

7 (8). Хуан Мартин дель Потро (Аргентина) — 4500,

8 (7). Жо-Вильфрид Цонга (Франция) — 3480,

9 (9). Ришар Гаске (Франция) — 3045,

10 (10). Станислас Вавринка (Швейцария) — 2915…

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: rambler.ru

 

Оцените пост

0
Дальше