Екінші күн

Asemzhan99 July 8, 2013
236
0
0
0

Бүгін біз қазақ халқының ұлы қолбасшысы-"Қаракерей Қабанбай батырдың" кесенесіне бардық.Басында сол атамыздың аруағына Құран бағыштап, кейін сол батыр туралы Қабанбай батырды зерттеуші атадан...

Бүгін біз қазақ халқының ұлы қолбасшысы-"Қаракерей Қабанбай батырдың" кесенесіне бардық.Басында сол атамыздың аруағына Құран бағыштап, кейін сол батыр туралы Қабанбай батырды зерттеуші атадан көптеген мәліметтер естідік.Сол естіген мәліметтерді жазып кетейін.Қабанбай Қожақұлұлы, Қаракерей Қабанбай, Дарабоз — батыр, талантты қолбасшы. Азан шақырып қойылған есімі — Ерасыл. Ол 1692 ж. қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданындағы Барлық тауында өмірге келіп, 1770 ж. сонда дүние салған. Қабанбай Найман ішіндегі Қаракерей руының Байжігіт тармағынан.Жеті жасында әкесі Қожақұл, он алты жасында ағасы Есенбай жоңғарлар қолынан қаза табады. Он алты жасар бала жау арасына жасырын барып, ағасын өлтірген жоңғар батырын өлтіріп, кек алған. Осыдан кейін Зайсандағы Керей ішіне кетіп, жездесі Бердәулеттің қолында болды. Осында  жүріп жылқыға шапқан жабайы қабандарды жайратып, “Қабан батыр” атанды.Сол бастағанынан батыр атамыз қан мен тер төгіп біздің елімізді, жерімізді 78 жасына дейін қорғады.Міне, осындай кезде мен өз-өзіме "Біздің батыр  бабаларымыз неткен ұлтшыл әрі батыл болған екен" деп таң қалдым.


Оцените пост

0