Сегізінші күн

lp_1996 July 8, 2013
140
0
0
0

Сегізінші күн.Бүгін ерекше күн болды десем қателеспеймін деп ойлаймын. Қарағанды!  Бұрын соңды болмаған, көрмеген қалаға аяқ басамыз. Қарағанды ескі қалаларының бірі. Аса үлкен және зәулім...

Сегізінші күн.Бүгін ерекше күн болды десем қателеспеймін деп ойлаймын. Қарағанды!  Бұрын соңды болмаған, көрмеген қалаға аяқ басамыз.

Қарағанды ескі қалаларының бірі. Аса үлкен және зәулім архитектуралары бар қалаға қадам бастық!

Біздің ең бірінші соққан жеріміз- Долинка ауылында орналасқан " музей памяти жертв политических репрессий". Аты айтып тұрғандай елдің бостандығы үшін жанын аямаған азаматтар, әйелдердің жатқан абақтысы. Әрине ,Өткен шақ өте ауыр, мұның бәрін түсіну қажет емес.

Атап кететін жай- Қарғанды қаласында физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі бар. Әрине, сыртқы және ішкі көрінісі Ақтөбе қаласына ұқсайды. Іші кең, таза, оқушылары досшыл, ашық. Бұл мектепке барған басты мақсатымыз- мектеп өмірімен танысу, және жарыста жеңу. Осы күні (07.07.13.) Семей, Ақтөбе және Қарағанды НЗМ-тері арасында жарыс өтпекші болды.

Уақытты көп алмай бірден айтайын - қарсыластың қайшылығына қарамастан біз жеңіске жеттік. Жарыс 3 кезеңнен тұрды: эстафета, армрестлинг, теннис. Осы 3 жарыста өзіміздің мектебінің 8 қырлы бір сырлы екенін дәлелдеп,, ұстаздың сенімін ақтап, қарсыластың тас талқанын шығардық. Қалай айтсамда да ұтқан - достық.  Рахмет сіздерге достар. Барлық қатысушыларға мың алғыс білдіргім келеді. Ал, біздің қуанышымызда шек жоқ.  Алғашқы жарыс-алғашқы басты жүлде. Жарайсыңдар достарым!

   

Оцените пост

0