Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
09:50, 06 июля 2013

Алтыншы күн

Алтыншы күн. Неден бастайтынымда да білмеймін.-Бүгін менің жан досымның туған күні!!! Туған күніңмен,Ернұр! Әрине, мұндай тамаша адамның күліп-ойнап жүргеніне қарағанға не жетсін?! Өмірде саған әрбір іске сәттілік тілеймін.

Таңертең тұрып, батасын алып, 

адамдарға тілегі үшін рахметін берген Ернұрдың қасында отырып Бөгенбай батырдың туған жеріне аттанып барамыз... иә достар, біздің елімізді жаулардан азат етуші Бөгенбай батыр. Ерементау - Бөгенбай батырдың қасиетті залы (туған жері), қаладан 160 км жерде орналасқан. Бөгенбай батыр музейіне жолығып, бағалы да ескі заттарды көрдік (соның ішінде оның қарулары). Естігенімді баяндайын:

   

*Музей 1991 жылы 1 тамызда ашылды

 

*1991 жылы Бөгенбай батырдың 300 жылдығы тойланды

 

*Қазір музейге 22 жыл, аумағы: 210 шаршы метр, 5 бөлмеден тұрады: көрме, архиология-политология, этнография, отырлық және аудан тарихы

 

*1948 жылы үй салынды (ол алғашында алғашқы тұрғын үй болды, онан кейін аурухана, онан соң балалар кітапханасы, балалар шығармашылық үйі болған, ал қазір Музей

*1999 жылы 21 мамырда Ерементауға елбасы Н.Ә.Назарбаев келді

   

Бұдан кейін дулығасы бар мекенге жолықтық ( өміріде өз көзіммен көрген алтын да бағалы заттың бірі)....

 

Blog post image

0
444
0