Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов42 подписчика
Всяко-разно
0
14:54, 05 июля 2013

3-күн

3-күні біз мұрағат,Сәкен Сейфуллиннің мұражайы, Хазірет Сұлтан мешіті және Бәйтерек

Мақсатым: әр жерден керекті мәліметтерді алу; тарихи деректері туралы білу.

  1. Мұрағат. Қазақстан Республикасының ұлттық мұрағаты — Қазақстан Республикасының және қазақ халқының тарихи, мәдени, саяси құжаттары (мәтіндер, суреттер, келісімдер және т.б. құжаттар) мен деректерінің жиынтығы сақталатын мұрағаттар қоймасы.Blog post image
  2. Қазақ халқының біртуар перзенттерінің бірі, ақын-жазушы, қоғам және мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылық жолы бұрынғы Ақмола, қазіргі Астана қаласымен тығыз байланысты. Бұл жайында Сәкен өзінің көпшілікке кеңінен танымал «Тар жол, тайғақ кешу» мемуарлық романында кеңінен баяндаған.

1937 жылдың қуғын-сүргін зобалаңының құрбаны болып атылып кеткен Сәкен 1957 жылы ақталды. Араға отыз жыл салып, сол кездегі облыстық «С.Сейфуллин мұражайы» Қазақстан Үкіметінің шешімімен жеке отау тігіп, өз жұмысын бастады. Бұл 1988 жылдың 20 ақпаны болатын.

Мұражай орналасқан үй ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы ағаш сәулет өнеріне жататын ғимарат–тарихи ескерткіш. Міне, содан бері Сәкен мұражайы өзінің туған халқына, қала жұртшылығына қалтқысыз қызмет етіп келеді.

Мұражайда Сәкеннің кіндік қаны тамған Қарашіліктен бастап, 1938 жылдың 25 ақпанында, ең соңғы ауыр жаза-үкімі орындалар алдында түсірілген фотосуреттеріне дейінгі көріністер кеңінен қамтылған. С.Сейфуллиннің қолжазбалары, қызмет бабындағы қатынас қағаздары біздің мұражайдың аса құнды құжаттары қатарына жатады.

Экспозиция жеті залда орналасқан: «Балалық және жастық шағы», «Мемлекеттік қызметі», «Педагогикалық қызметі», «Әдеби қызметі», «Ел есінде», «С.Сейфуллиннің кабинеті», Сәкен мен жанұясына тиесілі заттар бөлмесі мен Мәжіліс залы.

Сондай-ақ, оның өзі ұстап, тұтынған жеке заттары мен мүліктері, киім-кешектері көрермендерді бей-жай қалдырмасы хақ.

Атап айтқанда, жазу машинкасы, хаттары, көзі тірісінде шыққан кітаптар мен жорналдар, фотосуреттер, алтын сағаты, асатаяғы, шабаданы, костюм-шалбар, тақиясы, бәтеңкесі, мойыншалма, қол шатыры, иіс май құтысы, үй ішінде пайдаланған ыдыс-аяқтары…Мұражай қорына Сәкенге қатысты заттар мен құжаттар жыл асқан сайын көбейіп, толығып келеді. Қазір мұражай қоры 5453 дана экспонат пен құжаттарды құрайды. Оның ішінде негізгі қорда 2572, ғылыми қосымша қорда 2881 дана.Түп тамыры Қараөткелден бастау алып, өз басынан заман ағымына сай бірнеше атауларды иемденіп, соңынан Елорда - Астанаға айналған бұл қаланың тарихы С.Сейфуллин ғұмырнамасымен тығыз байланысты. Осыған қатысты тарихи танымдық құжаттар мен жәдігерлер мұражай қорында молынан ұшырасады.Blog post imageХазрет Сұлтан мешіті — Астана қаласындағы орналасқан мешіт. Дәстүрлі ислам стилінде салынған ғибадат үйі Бейбітшілік және келісім, Тәуелсіздік сарайлары мен «Қазақ елі» монументі сынды айбынды нысандармен іргелес орналасқан. Рухани орын 13 га. жерді алып жатқан аумақта орналасқан, ме­шіт­тің жалпы аумағы 17, 7 мың шаршы метрді құрайды. Мешіт жобасы қазақтың дәстүрлі ою-өр­нектері мен ұлттық нақыштағы сәндік элементтері қолданыла отырып, классикалық ислам үл­гісінде орындалған.

Бәйтерек. Металлдан, әйнек пен бетоннан жасалған бұл «терек» сәулеттік мағынасы жағынан да, жасалуы жағынан да бірегей: биіктігі 105 метрлік металл құрамасынан, салмағы 1000 тоннадан жоғары бес жүзге жуық қададан тұрады. Есіл өзенінің сол жағалауында бой көтерген зәулім «Бәйтеректің» биіктігі 97 м (Астана қаласының елорда статусына ие болған жылға байланысты таңдалған), диаметрі 27 м; негізгі есікке бастайтын әшекейлі темірбетон саты жер бетінен 4,8 м жоғары орналасқан. Әлемде бірінші рет диаметрі 22 метрлік және салмағы 300 тоннадан тұратын күннің түсуіне қарай түсін өзгертетін «хамелеон» әйнегінен жасалынған шар биіктігі жағынан рекордқа (әлемдегі ең үлкен шардың ең биіке көтерілуі бойынша) ие болды. «Бәйтерек» нысаны үш бөліктен тұрады; жер асты бөлігі ұлттың тамыр жаюы, ал одан кейінгілері өркендеу кезеңдерінің нышандарын білдіреді. Ең жоғарғы жағында «Аялы алақан» композициясы орын тепкен; оған қол табы тигенде шиыршық түрінде жарық ағып түсіп, сәуле алақанға құйылады және Қазақстанның мемлекеттік әнұраны ойналады. Одан әрі қосымша түріндегі композиция өз негізінен бөлініп, жер бетіне қалықтап тұрғандай әсерге бөлейді. Ұшар басында алтын шар орналасқан. Арнайы шынылармен әйнектелген «Бәйтерек» күмбезінің салмағы 70 т, ал алтын шардың үстіңгі ауданы 1553 м².

0
642
0